Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жеңімпазға 9 млн теңге берілді: Алматылық балуан мыңның ішінде үздік атанды

Алматылық балуан белдесуден Алматыда өткен турнирде жеңімпаз атанып, 9 млн теңге ұтып алды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматылық балуан белдесуден жеңімпаз атанып, 9 млн теңге ұтып алды

25-26 мамыр күндері Алматыдағы "Сұңқар" халықаралық шаңғы трамплиндер кешенінде қазақ күресінің бір тармағы – белдесуден республикалық турнир өтті. Күрестің бұл түрінен бақ сынауға еліміздің барлық өңірінен 1000-ға жуық балуан келді. 

Аталған турнир осымен екінші рет өтіп отыр. Бұл  "Рухани жаңғыру" мақаласын іске асыру мақсатында қазақтың ұмыт болған көне балуандық өнерінің бірі  "белдесу" спорт түрін қайта жаңғыртуды жүзеге асыру мақсатында  ұйымдастырылды.   

Белдесуден өркен турнирге ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Рамазанов, Алматы әкімі Байбек қатысты. Сондай-ақ, Мәскеу Олимпиадасының жеңімпазы Үшкемпіров, ҚР еңбек сіңірген спорт қайраткері Биткөзов, ҚР қазақ күресі федерациясының президенті Шораев та халқымыздың ұмыт қалған өнерін тамашалауға келді.

Қазақстанның әр өңірінен келген 1000-ға жуық балуан турнирдің алғашқы күні іріктеу кезеңінен өтті. Ал жарыстың келесі күні 32 балуан өзара күш сынасып, сайысқа түсті.

Осылайша, Алматы қаласының атынан шыққан балуан Нұралинов Дәурен І орынды иемденіп, жеңіске жетті. Оған 9 000 000 теңгенің сертификаты, диплом, медаль, шапан сыйға берілді.
Сондай-ақ, оның жатықтырушысы Мақсат Қиқымовқа да 1 млн теңгенің сертификаты табыс етілді.

Ал, Қостанай облысынан келген балуан Талғат Жиентаев ІІ орын алды. Ол 4 500 000 теңге мен диплом және медаль алып, шапан киді.
Оның жатықтырушысына 500 000 теңге берілді.

ІІІ орынды Жамбыл облысынан келген балуан алды. Ғалымжан Қырықбаевқа да 2 700 000 теңге, диплом, медаль, шапан сыйға тартылды.

Талқылау