Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық әйел сағат сайын ақша төлететін "Байсат" базарының тұрағына ашуланды

Алматы қаласының тұрғыны «Байсат» базарында тұраққа көлік қойғаны үшін одан сағат сайын ақша төлеуді талап еткенін айтты. Ол бұрын-соңды мұндай жағдайға тап болмағанын сөз етіп, әкімдіктен осы жағдайды тексеруді сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Базар

«Байсат» базарында тұрмын. Мұндағы көлік тұрағына сағат сайын ақша төлеу керек екен. Бір адам уақытты жазып отырады. Осы орайда, менде сауал туып тұр. Құрметті әкімдік, «Байсатта» осындай ақылы тұрақ бар ма? Сағат сайын ақша төлеу керек пе? Мән-жайды анықтау үшін осы жерге біреуді жібере аласыздар ма? Көлігімді қалдырып отырмын. Бірнәрсе болып жатса, біле жүрерсіздер дегенім ғой», - дейді әйел адам видеода. 

Алайда «Байсат» базарының әкімшілігі аталған жағдайды жоққа шығарып отыр. Яғни базарда тұраққа ақшаны сағат сайын төлеуді талап етпейді. 

«Бізде сағат сайын ақша төлеуді талап ететін тұрақ ешуақытта болған емес. Әдеттегідей кірер кезде көлік иесі 150 теңге төлеп, кейін арнайы чекті қолға алады. Барлығы заң аясында жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, көлік сол жерде бір күн бойы тұра алады. Ал сағат сайын ақша сұрап жүргендерге қатысты ешнәрсе білмейміз», - деді «Байсат» базарының әкімшілігіндегілер.

Талқылау