Алматыда жылу құбыры жарылып, 4 адам зардап шекті
Алматыда диаметрі жарты метр болатын жылу магистралі жарылды, деп хабарлайды «Алматы жылу желісінің» баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі.
Апат таңғы сағат 04:14-те Пушкин көшесі мен Төле би даңғылының қиылысында болған. Құбырдың жарылуына оның тозуы себеп болыпты. Құбыр 1993 жылдан бері қолданылып келген.
«Құбырдың жарылуының салдарынан 4 адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді. Көпқабатты тұрғын үйдің 7 пәтер мен үйдің жанындағы тұрақта тұрған 8 автокөлік зақымдалды», - дейді компаниядағылар.
Сонымен қатар компаниядағылар адамдардың денсаулығы мен мүлкіне келтірілген зиян анықталғаннан кейін, оларға заңда бекітілген тәртіп бойынша өтемақы төленетінін айтты.
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстанда әскерге шақыру кезінде көшеден ұстап әкетуге бола ма: Ер азаматтар нені білу керек
Елорда тұрғыны әскерге шақыру комиссиясының жұмысына шағымданды
