Алматыда вип-кортежбен қыдырған болашақ офицерлердің видеосы дау тудырды
Алматыдағы Бауыржан Момышұлы атындағы Жас Ұлан әскери мектебінің түлектерінің вип-кортежбен шыққан видеосы желіде тарады. Қыдырып жүрген түлектер көліктің терезесінен жартылай шығып алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Бауыржан Момышұлы атындағы Жас Ұлан әскери мектебінің түлектері мектептен вип-кортежбен шыққан. Кортежде нақты саны неше көлік болғаны белгісіз. Алайда видеодан әскери форма киген болашақ офицерлер «Гелендвагеннің» терезелерінен жартылай шығып алғаны көрінеді.
Қорғаныс министрлігіндегілер желіде тараған видеоға қатысты пікір білдірді. Министрлік өкілінің сөзінше, қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп жатыр.
«Әлеуметтік желіде тараған таспаға қатысты тексеріс жүргізіп жатырмыз. Бүгін-ертең анықталып, мектеп басшылығы жауапқа тартылуы ғажап емес. Біз мойындаймыз, кішкене бір қателік кеткен шығар», - дейді министрліктің кадрлар және әскери білім департаментінің басшысы Қайрат Көпбаев.
Павлодарды "біздікі" деген ресейлік стример Fassoollka жауапқа тартыла ма? Заңгер түсіндірді
Ресейлік стример Fassoollka-ға мемлекет неге үнсіз және оны қандай жаза күтіп тұр?
Қазақстандық сызылған пауэрбанкіне байланысты ұшаққа отыру кезінде қиындыққа тап болды
Әуежай өкілі: "Құрылғының бұған дейін әуе көлігімен бірнеше рет тасымалдануы қауіпсіз екеніне кепілдік бермейді"