Алматыда сот төрешісі хатшысы арқылы пара алды (видео)
Алматыда сот төрешісі хатшысы арқылы пара алды деп айыпталды. Пара алған сәті түсірілген видео жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі сыбайлас жеморлыққа қарсы агенттікке сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің департаменті Қазақстан Республикасы жоғарғы сотының ішкі қауіпсіздік бөлімімен бірге Алматы қаласының судьясына қатысты пара алу фактісін анықтады.
Судья делдал арқылы, Алматы қаласының аудандық сотының сот отырысының хатшысы арқылы, өзінің қарамағындағы азаматтық іс бойынша оң шешім шығару үшін 3 000 АҚШ доллары көлеміндегі пара алды деп күдіктенеді. Тергеу жалғасуда.
Күдіктіге қатысты айып дәрежесінің соңғы үкімін сот шығарады.
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?
Алайда биыл елордалықтар жергілікті бюджет қаржысын үнемдеген көрінеді
"Өліп қала жаздаған кездерім болды": Қарызға батып жезөкше болған қазақстандық табысы туралы айтты
Ләйлә: "Жетім қыздар, күйеуге шығайын деп жүргендер, бұрынғы күйеуінің несиесін төлеп жүргендер бар"