Алматыда екі ай бұрын жоғалған қыздың денесі арнадан табылды
Анастасия Галеева екі ай бұрын жоғалып кеткен еді. Мәйіті Алматы облысындағы арнадан табылды. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
.jpg)
"Қызымның денесін бүгін арнадан таптық. Ол жерді бұрын да іздегенбіз. Әпкем қызымның денесін қарап, оны таныды. Қазір мен Талғар қаласының полиция бөлімшесіне барам", - дейді әкесі.
Ақпан айында бойжеткеннің жоғалып кеткені хабарланды. Ол құрбысына кетіп, сол күйі оралмаған. Жақындары қыздың өліміне достарын айыптады. Достары қыздың өздігінен көз жұмғанын, қорыққандарынан мәйітті жасырып қойғанын айтыпты. Сәуір айының басында қыздың әкесі бас прокуратурадан көмек сұраған еді.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі