Алматыда 5 айлық бала сырғаны жұтып қойды
Алматылық дәрігерлер 5 айлық баланы құтқарып қалды. Бала 20 сәуір күні жұқпалы аурулар ауруханасына түсті.

Фото: inalmaty.kz
Рентген түсірілімінде баланың асқазанына әлдебір зат байқалды. Оның сырға екені белгілі болды.
Дәрігерлер эндоскопиялық жолмен баланың асқазанынан сырғаны алды. Қазір баланың жағдайы жақсы. Тыныс алып жатыр. Дер кезінде келген көмектің нәтижесінде баланы аман алып қалды. Баланың асқазаны жараланып, қанап үлгерген жоқ.
"Кішкентай заттарды, тиындар, мен түйме, түйреуіш, зергерлік бұйымдарды балалардың көзіне көрсетпеңіз. 5 жасына дейін балалар осындай затты жұтып қояды", - деді қаланың денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан әуежайлары қандай заңдарды бұзды және бұл үшін оларды қалай жазалады
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан