Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында әкімнің орынбасары балдақпен жүретін әйелді сатымен көтерілуге мәжбүрлеген

Қарасай ауданы әкімінің орынбасары балдақпен жүретін әйелді баспалдақпен көтерілуге мәжбүрледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КазТАГ басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин

“Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең қаласында аудан әкімдігінде жүрміз. Аудан әкімдігінде не лифт, не пандус жоқ. Әкім орынбасары бұл кісіні бірінші қабатта қабылдаудың орнына екінші қабатқа көтерілуге мәжбүрледі. Кейін кешірім сұрап жатыр. Ол кешірімінен не пайда?! Адамды осылай әуреге салса”, – дейді видео авторы кадр сыртында.

Бейнежазбадан 70 жастағы кейуананы да байқауға болады. 

“70 жастағы апаны ішкі саясат бөліміне шақыртыпты. Ал өздері жоқ. Келесі жолы тағы шақырса, ренжімесін. Адамдарды осылай сандалтып қоюға бола ма”, – дейді ызаға булыққан ер адам. 

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі болған жағдайға қатысты түсініктеме берді.

“Қарасай ауданының тұрғындары бастама көтеріп, облыс әкімдігінің екінші қабатында аудан әкімінің орынбасары Рустам Атчабаровпен өзекті мәселелерді талқылауға ниет білдірді. Тұрғындарды қабылдауға ыңғайлы болу үшін бірінші қабатта арнайы кабинет қарастырылған. Айта кетейік, ғимаратқа кіре берісте мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандус орнатылған. Бұл әлеуметтік жауапкершілік пен барлық азаматтың жайлылығы қарастырылғанын айғақтайды. Тұрғындарға бірінші қабатта кездесу өткізу туралы ұсыныс жасалғанын атап өткім келеді. Өз кезегінде аудан әкімінің орынбасары Рустам Атчабаров келушілермен әңгімелесу барысында келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады”, – деп мәлімдеді аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Талқылау