Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Алма ТВ” компаниясына қандай заң бұзушылықтар үшін бұғат салынды

“Алма Телекоммуникейшнс Қазақстан” компаниясы шетелдік әншілердің әндерін заңсыз қолданғаны үшін 2 миллиард теңгеден астам ақша төлейді.

Бұған дейін интеллектуалды меншіктегі құқықтар басқармасы жөніндегі Қазақстандық қоғам сотқа шағым түсірген. Желтоқсан айының соңында мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот шағымды қанағаттандырмаған еді.

Сол кезде Қазақстандық қоғам мен “Web Content” ЖШС аппеллияциялық шағым түсірді. Сотта “Алма Телекоммуникейшнс Қазақстан” компаниясының рұқсатсыз және өтемақысыз кабельді теледидар арқылы “Muzlife”, “Muzzone” арналарында әндерді қойғаны анықталды. Жәбірленуші тарап 514 әнді қолданғаны үшін өтемақы талап етті.

Алматы қалалық азаматтық істер жөніндегі сот алқасы шағымды қанағаттанырып, «Алма Телекоммуникейшнс Қазақстан» компаниясынан 2 млрд 180 млн 388 мың теңге көлемінде өтемақы төлеуге міндеттеді.

Тағы оқыңыз: 

Өскеменде анасы ұлын құтқару үшін Ертіс өзеніне секірді

Әкесін өлтірген қостанайлық бойжеткен сот залынан босатылды

Аңқау елге арамза молда: Алматы облысында имам сотталды

Талқылау