Аллергиясы бар бойжеткен сүйіктісімен сүйісем деп мерт болды
Жас канадалық қыз сүйіктісімен сүйісем деп көз жұмды. Жігіт жаңғақ майымен сэндвич жегендіктен қыздың аллергиясы ұстап қалды.
Жігіт қыздың жаңғақ дәніне аллергиясы барын білмеген. Қыздың анасы осындай жағдайға тап болмау үшін сақ болуға шақырады.
Қыздың өлімі жайлы анасы Мишлен Дюкрэ айтты. Ол өзгелерді сақтандырғысы келеді.
Мириам қыздың арахиске аллергиясы бар еді. Ол сүйіктісімен сүйіскен соң тынысы тарылып, жағдайы нашарлайды.
Бойжеткен жігіттің арахис майымен сэндвич жегенін білген соң жедел жәрдем шақыртады. Мириамды ауруханаға апарар жолда жағдайы нашарлай бастайды. Оның тыныс алу мен жүрек жұмысы нашарлайды. Бойжеткен аурухаға жеткен бойда көз жұмды. Тексеру нәтижесінде бас миының ауыр аннексиясы анықталды. Бұнайда ауа басқа жетпей қалады.
Қыздың анасы өз қызынан басынан өткен жайт басқаларға сабақ болсын дейді.
Тамақ аллергиясы - бұл аллергиялар ішіндегі ең көп тараған түрі. Оған жаңғақ дәні, теңіз тағамдары мен цитрусты жемістер, бал мен сүт жатады.
Ал, аллергияның ең қауіптісі - анафилактикалық шок. Ағза аллергенмен әрекеттескенде бірден сезімталдыққа бой алдыруы.