Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аллергия үшін: Дәрігерлер 19 жастағы бойжеткенге жылауға тыйым салды

Англияның Хартфордшир графтығында 19 жастағы Линдси Кобрей аллергияның сирек кездесетін түрінен зардап шегеді. Оның кәдімгі судан аллегриясы бар. Сондықтан бойжеткен су іше алмайды. Денесіне су тиген бойда, орны қызарып, ауырады екен. Тіпті, дәрігерлер Линдсиге жылауға тыйым салған.

Аллергия үшін: Дәрігерлер 19 жастағы бойжеткенге жылауға тыйым салды

Бұл туралы The Sun басылымына сілтеме жасап Stan.kz жазады.

Линдси өзінің ауруы туралы 2 жыл бұрын ғана білген. Бұған дейін ол душ қабылдағаннан кейін түшкіретін болған. Алайда соңғы уақыттарда аурудың белгілері асқынып, денесіне тиген су ташмысының өзі ағзасын тітіркендіріп, бөртпелер пайда бола бастапты. Ал бойжеткен су ішкен кезде, аузында жара пайда болған.

«Ауыз су ішкенде жүрегім айнып, ауырсынып қаламын. Сондықтан  сүтті коктейль тәрізді құрамында суы аз сусындар ғана ішемін», – дейді Линдси Кобрей.

Дәрігерлер Линдсиге гистаминге қарсы дәрілер жазып берген. Алайда бойжеткеннің дертін дәрі-дәрмекпен толықтай емдеу мүмкін болмапты. Ендігі бойжеткен жаңбыр мен қар астында серуендеп, ванна қабылдай алмайды. Тіпті оған жылауға да болмайды. Себебі өзінің көз жасы да аллергия береді екен.

Аллергия үшін: Дәрігерлер 19 жастағы бойжеткенге жылауға тыйым салды

«Енді мен суда жүзіп, жаңбыр немесе қар астында серуендей алмаймын. Душты тез қабылдауым керек. Ваннаға түсуге де болмайды», – дейді Линдси Кобрей.

Десе де Линдси дерті үшін уайымға салынбайды. Тіпті, ол бұл жайттың өзіне әзілмен қарайды – ол өзінің аллергиясының құрметіне денесіне татуировка жасатқан.

Аллергия үшін: Дәрігерлер 19 жастағы бойжеткенге жылауға тыйым салды

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау