Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Алла разылығы үшін кешірім сұраймын": Абай Бегейдің үлкен қызы қателігін мойындады

Абай Бегейдің қызы қателігін мойындады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Ревью" бағдарламасына сілтеме жасап.

Alt

Абай Бегейдің тұңғышы әкесінің екінші әйел алып, өмірін жалғастыруына қарсы болған. Тіпті әкесімен араласпай қойған еді. Бүгінде бір баланың анасы атынып үлгерген 23 жасар Ерке Абайқызы сол кездегі қателігін түсініп, әкесінен кешірім сұрады.

"Ең бірінші мені жаратқан Аллаға сансыз шүкір дегім келеді. Одан кейін жарық дүниеге келуіме себепші болған ата-анама рахмет! Дәл қазір анамның жанымда болғанын қатты қаласам да, Алланың ісіне көнбестен басқа шарам жоқ. Өзіме салса, қазір барлығы басқаша болғанын қалар едім. Не болса да, болған іс болды. Әкемнің шешіміне көне алмадым, ашуландым, қызғандым, бас тартамын деп те ойладым. Бірақ, Рамазан айында Алла разылығы үшін меннен кеткен қателіктер болса шын жүрегімнен кешірім сұрағым келеді. Сіздің де ашумен айтқан ауыр сөздеріңіздің барлығын ұмытамын. Сізде мені кешіріңіз", - деп әкесінен ағынан жарылып, кешірім сұрады.

Сонымен қатар, осы уақыт аралығында қаншалықты күйзеліске түсіп, жанының ауырғанын жасырмады ару.

"Сізден жырақта жүру, бауырларыммен сөйлеспеу маған да оңай болмайды. Ары қарай бұлай жалғасқанын қаламаймын. Жаңа құрған отбасыңызбен бақытты болуыңызды тілеймін", - дейді Ерке Абайқызы.

 

 

Талқылау