Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алла Пугачеваның қызы анасынан аумай қалған

Алла Пугачева өзінің тыңдармандарымен жаңа суреттерін бөлісті. Фотода оның қызы Лиза да бар. Әншінің тыңдармандарының айтуынша Лиза анасынан аумай қалған.

938978fb64688c88470a5599f2944b10

Сурет ivona.bigmir.net

Бұл туралы dni.ru хабарлайды.

Алла Пугачева өзінің Инстаграмдағы парақшасында қызы Лиза түскен суретті жариялады. Сурет Грязь елді мекеніндегі үйінде түсіріліпті. Жас қыз қызық жейде киген. Қоңыр бас киімі мен күннен қорғанатын көзілдірігі де бар. Әртістің тыңдармандары бірауыздан Лиза анасының көшірмесі деген тұжырым жасаған. Бірақ, сыни пікір қалдырған қолданушылар да болыпты. Олар Лиза мен Гарриді суррогат ана өмірге әкелді деп санайтынын айтқан.

Бұған дейін Пугачева әлеуметтік желіге Максим Галкинмен және кіші ұлы Гарримен түскен суретіне “Менің сүйікті балаларым” деп жазып жариялаған болатын. Қолданушылар баланың келбеті де, сұлулығы да әкесіне тартыпты деп таңқалысқан еді.

Пугачевочка

Фото опубликовано @orfey75alla

“Гарри – аумай қалған Максим. Әкесінің таза көшірмесі деуге болады. Ал кіші қызым лиза менің бала кезімдегі түріме қатты ұқсайды”, – деп жазды әнші. Оның айтуынша қызы әртіс, ұлы дипломат болғылары келеді екен.

Талқылау