"Алла Пугачеваның алтын жұлдызы": Ресей эстрадасының аңызы Ержан Максимге сыйлық табыстады
Алла Пугачева мен Светлана Лобода ресейлік «Голос. Дети» шоуында Алсудың қызы Микелла Абрамовадан жеңіліп қалған 4 финалиспен кездесті. Қазақстандық Ержан Максим мен өзге де финалистер Пугачевадан сыйлық алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу кезінде түсірілген видеоны Светлана Лобода Instagram желісінде жариялады. Пугачевамен кездесуде Ержан Максим, Роберт Багратян, Нино Чеснер және Анастасия Иванова болды.
«Балаларымызға осындай қолдау білдіргені үшін Алла Борисовнаға алғыс айтамын», - деп жазды Лобода.
«Қанша рет жеңіліп, сүрінетіндеріңді түсінесіңдер ме? Сәтсіздіктер мен сәттіліктер күтеді. Оның бәрі сынақ. Сендер бәрін жақсы жасадыңдар», - дейді Пугачева.
Әртіс Ержан, Нино, Роберт пен Анастасияға «Алла Пугачеваның алтын жұлдызы» аталатын алқа сыйлады. Ресей эстрадасының аңызы бұл сыйлықты жас дарындарды қолдау үшін, 2005 жылы құрған.
Сонымен қатар балаларға диплом мен ақшалай сыйлықтар берілді.
"Терезеге телміріп, жүруді армандадым": 10 жыл төсекке таңылған марафоншы ауруды қалай жеңгенін айтты
Ауырып жатсам да, қиындыққа сынған жоқпын
"Ит пен мысықты өлтіруге қарсымыз!": Қазақстандықтар қаңғыбас жануарларға эвтаназия жасау туралы заң жобасына қарсы шықты
Тұрғын: "Қоғамның деңгейі оның жануарларға деген қарым-қатынасынан көрінеді"