Алла Пугачева «Ринго» тобына батасын берді
Алла Борисқызы “Ринго” тоыбының 10 жылдық мерейтойына ыстық ықыласын танытып, батасын берді. Бұл жайлы топ продюсері Инстаграм парақшасында жариялады.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
«Өкінішке қарай, Алла Борисқызы Пугачева елімізге ұшып келе алмайды. Өйткені, ол көп ұшпайтын көрінеді. Не дегенмен, 10 жылдық мерейтойымызға ықыласын танытып, батасын берді. Бір кездері осы жігіттерге ғана сенген еді. Бір рет емес, екі ретінде де ол үміті ақталды».
2016 жылы «Ринго» тобына 10 жыл толады. Соған байланысты былтырға жоспарланған концерт биылғы жылға ауыстырылған болатын. Топ продюсері концерттің ешбір қиындықтарға қарамастан өтетінін айтқан еді.

«Бұл жігіттер жеке есеп беру кешінен де әлдеқайда зор құрметке лайық. Алайда көрерменге жақсы көңіл-күй сыйлап, жаңа әндерімен сусындатып, өнерін паш ету әлдеқайда маңызды», – деп жазады продюсер.
Алматылықтар аптап ыстықта жылудың өшірілмей жатқанына шағымданды: Әкімдік себебін түсіндірді
Алматылық Ерғали Жақсылықов жергілікті билікке шағымданды
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі