Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлішер Кәрімов Қазақстанды автобуспен аралап, жолда жаңа әндер жазбақ

Әлішер Кәрімов жол үстінде шабыттанып ән жазу үшін Қазақстанды автобуспен аралап шықпақ.

13827443_1148477981892600_287717132_n

Фото: instagram.com/alisher_k/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Әнші “Ниетің таза болса” атты концерттік бағдарлама әзірлеген екен. Ол аталған бағдарламасымен Қазақстанның көптеген қаласын автобуспен аралауды жоспарлап отыр. Осылайша шабыт алып, әлі де талай әндерді дүниеге әкелетінін айтады.

“3 жыл бұрын еліміздің 22 керемет қаласын автобуспен аралап, әртүрлі жердегі адамдармен танысып, ұмытылмас әсер алдым. Осы жылы да солай өздеріңізге сәлем бермекшімін”, – дейді Әлішер Кәрімов.

Бұл жолы Әлішер өзімен бірге 20 адамнан құралған командасын өзімен бірге ертеді. Барлық концертінде гитара, барабан сынды аспаптардың сүйемелдеуімен жанды дауыста ән салмақ. Осы уақытқа дейінгі гәстрөлдік сапарында әнші жинаған ақшасының 6 миллионға жуығын қайырымдылыққа жұмсаған болатын. Бұл жолы да дәл солай болатынын айтып уәде берді.


Жіберіп алмаңыз:

Әлішер Кәрімов шетелде сүйіктісімен бірге демалып жатыр (фото)

Әлішер Кәрімов кезекті бейнебаянын анасына арнады (видео)

Әлішер Кәрімов “Ла ла ла” атты су жаңа бейнебаянын ұсынды (видео)

Исабекова мен Әлішер Кәрімов көңіл қосты ма

Әлішер Кәрімов 300 теңгеге жылап жүріп ән салған күндерін еске алды

Талқылау