Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлішер айға қарап жүргенде: Айдана Меденова купальникпен түскен суретін жариялады (фото, видео)

Шоу-бизнестегі ең сұлу әншілердің бірі Айдана Меденова тыңдармандарының көңілін қалдырды. Өнер иесі жартылай жалаңаш түскен суретін жариялап, қатал сынға ұшырады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Әлішер айға қарап жүргенде: Айдана Меденова купальникпен түскен суретін жариялады

Айдана Меденова қазіргі уақытта отбасымен Түркияда демалуда. Әнші бұл сапарға жолдасы мен ұл-қызынан бөлек, күйеуінің алғашқы некесінен туған ұлдарын да ала барған.

Instagram-дағы парақшасында демалыстағы қызықтарымен бөлісіп жүрген Меденова күні кеше купальникпен түскен суретін жариялап, жұрттан сөгіс естіді.

“Әлішер айға қарап жүргенде купальникпен бір фото салып үлгердім”, – деп жазды ол.

Айдана Меденова

Бұл орайда әншінің күйеуі де аталған жайтқа қатысты пікірін білдірді.

“Көзімді жұмып қалсам болды, Айдананы купальникпен суретке түсіріп алады. Тоныңды ала шық деп айттым оған”, – деп астарлы қалжыңмен өз ойын білдірді Әлішер Нұржанов.

Бір қызығы, күйеуі қарсы болмаса да, желі қолданушылары Айдананы жерден алып, жерге салған.

“Ұятсыз екенсің, сені әжептеуір сыйлап жүрсек”, “Айдана, салмағаның жақсы еді. Бұл жерде қаншама ер адамдар бар. Бұндай бейнені тек қана күйеуіңіз көруі қажет”, “Айдана сені қыздардың ішіндегі ұяттысы, жақсы деп ойлайтын едік. Мынауың ұят болды”, “Мен сені ақылы бар қыз деп ойласам”, – деп жазды олар.

Всем Салем!!!!☀️☀️☀️

Публикация от Меденова Айдана Едильбековна (@aidanamedenova_officialpage)

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау