Алып жылан дәретханадан шығып, ер адамды шағып алды
АҚШ-тың Флорида штатында корольдік питон дәретханаға кіріп, ер адамның қолын шағып алды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға жексенбіде, 26 мамырда орын алды. 52 жастағы ер адам дәретханаға барып, унитаздың қақпағын көтерген кезде оның қолын жылан шағып алған.
Жәбірленушіге шұғыл түрде көмек көрсетілді, ал ұзындығы 1,2 метр болатын питон ветеринарлық клиникаға тапсырылды. Бірақ, оны шаққан жыланнан инфекция табылды.
Корольдік питон – бұл ұзындығы 1,2 - 1,5 метр болатын зәрсіз жылан. Ол адамдарға қауіп төндірмейді, сондықтан көбінесе оны үй жануарлары ретінде ұстайды.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр
Қылмыстық іс 6 рет тоқтатылған екен
"Көзқарастары ескі, жас мамандарды төмендетеді": Қазақстандық жас мұғалімдер үлкен буынмен жұмыс істеудің қиындығын айтты
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді