Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алимент төлемеу үшін сегіз жасар қызын қылғындырып өлтірген әке жұртты шошытты

Өзбекстанның Әндіжан облысында тұратын Диербек Юлдашев есімді азамат сегіз жастағы қызы Севараны өлтірді деген айыппен ұсталды. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, күдікті қызды қылғындырып өлтіріп, денесін арыққа тастаған.

23 қазан күні жоғалып кеткен Севара Юлдашеваның денесі 2 желтоқсанда табылды. Оның өліміне 27 жастағы әкесі Диербек Юлдашев кінәлі ретінде ұсталған.

Тергеу кезінде ол кінәсін толық мойындады.

Мәліметтерге қарағанда, Юлдашев жалғыз қызына алимент төлемеу үшін өлтірген болуы мүмкін.

“Диербектің ажырасып, басқаға үйленгеніне екі жыл өтті. Ол жалғыз қызына алимент төлейтін”, – деді жергілікті тұрғындардың бірі.

Туыстары да солай деп отыр. Бірақ құқық қорғау органдары қылмыс мотивін құпия сақтауда. Қасақана кісі өлтіру қылмысына байланысты іс қозғалды.

Тағы да оқыңыз:

Қытайда Қанат Исламның жекпе-жегін көрген қазақтар түрмеге жабылды

Бесінші қабаттан құлаған алты жасар баланы құтқарған жігіттің кім екені анықталды

Ресейде бал ашып, балгерлікпе айналысу алаяқтыққа жатқызылатын болды

Талқылау