Алима Көпейдің әкесі Аружан Саинға өтірік айтты деп кінә тақты

Желі қолданушылары Аружан Саиннан неге ол басқаратын «Дом» қайырымдылық қоры мен Қазақстан үкіметі қатерлі ісікке шалдыққан Алима Көпейге көмектесуден бас тартқаны туралы сұрады. Ол Алиманың ата-анасы қорға ешқандай құжаттар өткізбегендерін және Денсаулық сақтау министрлігіне квотаға өтініш білдірмегендерін айтты. Бұған жауап берген Алиманың әкесі Алтай Аружанға өтірік айтты деп кінә тағып, біліктілігіне күмән келтірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Алима Көпейдің әкесі Аружан Саинға өтірік айтты деп кінә тақты

Көпей отбасының мәселесі төңірегінде қойылған сұраққа жауап берген Аружан Саинның айтуынша, «Дом» қайырымдылық қоры олардың отбасына көмек беруден бас тартпаған.

«Мен бұл балаға көмек беруден бас тартқан жоқпыз деп ресми түрде жария қыла аламын және қордың талаптары бойынша басқа бүлдіршігдерге берген көмектей беретін едік. Алайда қыздың ата-анасы құжаттар жібермеді де, өтініш те білдірмеді. Және Денсаулық сақтау министрлігіне квотаға да өтініш білдірмеген», – деп жазған Аружан.

Алтай Аружанның мұндай өтірігі қайырымдылық қорларына деген сенімсіздікті тудыратынын жазады.

Бұған жауап қайтарған Аружан Саин Көпей отбасыларына бәрібір барлық құжаттар мен шоттарды жариялап, халық алдында есеп берулерін сұрап отыр.

Алима Көпейдің әкесі Аружан Саинға өтірік айтты деп кінә тақты

Өз кезегінде ол «Сізге барлық медициналық құжаттар, шоттар мен есепті жариялау қажет. Сіздерге қатысты туындаған сенімсіздік басқа отбасыларына кері әсерін тигізеді. Біз сіздерден қорымыздың барлық талаптарын орындауды өтіндік. Сонымен қатар, біздің координатор қыздың әжесіне Денсаулық сақтау министрлігіне квотаға өтініш білдіру керек екенін айтқан. Алайда ешқандай құжаттар жіберілмеген. Қыздың әжесімен олардың жағдайы туралы тамыз айында сөйлескенмін. Кейін ол кісіні таппаған соң жиналған қаражат бойынша есеп пен медициналық ақпаратқа сілтемені беруді өтіндім. Оларға жиналған қаражат бойынша есепке қатысты өтініштерге жауап беру үшін бар ақпаратты біздің қорға жіберсін дедім. Алайда ол да болмады», – деп жауап жазған Алтайға.

Бұған жауап берген Алтай «сіздің сөздеріңізді жоққа шығаратын дәлелді өз парақшама жүктедім. Сондықтан көпшілікті жаңылтпағаныңыз дұрыс болар. Барлық мемлекеттік ресми органдарда біздің құжаттар бар», деп жазба қалдырған.

Алима Көпейдің әкесі Аружан Саинға өтірік айтты деп кінә тақты

Және Алтайдың өз парақшасында жүктеген дәлеліне қайырымдылық жолымен жиналатын қаражатқа әлеуметтік желіде есеп беру туралы ешқандай заңды талаптар жоқ екенін жазған.

Алима Көпейдің әкесі Аружан Саинға өтірік айтты деп кінә тақты

«Бүгінгі таңда өз еркімен қайырымдылық жолымен жиналған акшақа әлеуметтік желіде есеп беруді қадағалайтын ешқандай заң немесе құқықтың актілер жоқ. Біз қайырымдылық үкіметтік емес ұйым емеспіз. Демеушілермен екі жақтың құқықтары жазылатын келісім-шарт жасамаймыз. Біз тек басымызға қайғы түскен жандармыз, баламыз ауру болып қалды және біздің қазіргі мақсатымыз  – қызымызды емдеу. Бұл сөздерді нақты және белгілі азаматтар мен ұйымдарға жолдаймыз. Өтініш, айғақтар мен талаптарыңызды материалдық көмектеріңізді растайтын құжаттарыңызды мемлекеттік органдар арқылы ресми түрде тіркеңіздер. Алған ресми сауалға ғана есепті көрсетеміз», – дейді Алтай Көпей.

Аружан Саинның айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігіне өтініш білдірген сәтте ем қабылдап жатса, енгізілген ережелерге сай комиссия құжаттарды қарастыра алмайды.

«Ем қабылдау арасында балалар үйге келген кезде ары қарай еміне квота рәсімделінеді. Тағы айтарым, бастапқы емін біздің қор төлеп, кейінгі жалғастырушы емін мемлекет өз мойнына алған кездер де болған», – дейді Аружан.

Сонымен қатар, «Дом» қайырымдылық қорының директорының жазбасына сай, Көпей отбасының құжаттары комиссияда қаралмаған.

«Мен мамыр айында Алиманың әжесіне квотаны қалай алу керек екенін түсіндіргенмін. Әрине, сіздер қорға өтініш білдірмеулеріңізге болады, бірақ бізді көмек көрсетпеді деп айтудың да қажеті жоқ», – деп жазады Аружан Саин.

Тартыс соңында Алтай «сіздер қоғамға бізді ешқандай құжат өткізбеді деп көрсетіп отырсыздар! Менің сізге кеңесім, өзіңіздің шамаңыз жетпейтін іске араласпаңыз. Ары қарай жалғастырудың мәні жоқ деп ойлаймын. Сау болыңыз» деп сөзін аяқтаған.

Алима Көпейдің әкесі Аружан Саинға өтірік айтты деп кінә тақты

Аружан Саин да өзінің пікірін өзгертпей, Көпей отбасына «жасыратын ештеңке жоқ болса, құжаттар мен есепті ашық түрде жариялап, жағдайларыңызды ретке келтіруге қадала кеңес беремін» деген.

Естеріңізге салсақ, Көпей отбасы жиналған ақшаға есеп беруден бас тартқан және бұның неге дұрыс емес екенін Аружан Саин қорының өкілі түсіндіргені туралы материал жариялаған болатынбыз.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
18.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар