Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әли Оқапов: Жанұя құруға дайынмын

Әли Оқапов көпшіліктің көңілін күпті еткен сауалға жауап берді. Ол көп ұзамай шаңырақ көтеруге дайын екенін мәлімдеді.

Ali Okapov-06022017

Бұл туралы “Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасында айтылды.

“Көпшілік Жаңа жылда “Бұйырса, 2017-де үйге келін әкеліп, Роза апайымызға немере сыйласын” деген тілек айтты. Мен не деймін? Әумин”, – деді Әли.

Алайда Оқапов жұмыс кестесінің тығыз болуына байланысты алдағы жарты жылда үйленуге қолы тимейтінін меңзеп қалды. Десе де:

“Жанұя құрудан бас тартып, қашып жүрген адамдардың қатарында емеспін. Жасым 25-те, осы жылы 26-ға толамын. Үйленетін кез де келіп қалған сияқты. Дайынмын деп есептей аламын. Не болса да, ертерек үйленген жақсы. Анамның да тезірек немере сүйгісі келеді. Екінші жағынан, жанұя құруға өзім де дайынмын. Бірақ барлық сұрақ болашақ келінге…” – деп ағынан жарылды Оқапов.

Жіберіп алмаңыз:

Әли Оқапов тыр жалаңаш суретін көрсетті (фото)

Қытайлық жанкүйерлер құмның бетіне Димаштың суретін бейнеледі (видео)

KeshYou тобында 4 қыз өнер көрсетуі мүмкін

Лара Фабиан Димашты кездесуге шақырды

STAN.KZ
Дүйсенбі, 06 Ақпан, 2017 15:00