Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әли Оқапов Қызылорда облысынан егіз сыңарын тапты

Қызылорда облысы Амангелді ауылынан келген 9 жасар Дулат Әбдікәрім «Бала дауысы» балалар ән байқауының аймақтық кезеңінің жеңімпазы атанды. Ән додасына 110 дарынды бала қатысты.

20160602153944

Бұл туралы Bnews.kz хабарлайды.

Дулатпен бірге үздік үштікке Дильназ Төлеген мен Назерке Нұржаубаева да ілінді. Қазылар алқасы – Әли Оқапов, Фарида Ниязова мен Ғалым Исмбергенов республикалық финалда облыс намысын қорғайтын жеңімпазды таңдау кезінде ұзақ ойланды.

«Дулат – нағыз азамат. Маған оның батылдығы  ұнайды: әндердің бірін ол кастингке небәрі 30 минут  қалғанда жаттап алды. Бұл нағыз кәсіпқойлық. Маған  оның әр қырлы репертуары ұнайды. R&B, рэп мәнеріндегі әндерді, биді ұнатады. Ол менің балалық  шағымды есіме түсірді. Дулат маған құйып қойғандай  ұқсайды. Біз бір сахнада өнер көрсетсек дейміз. Бұл  керемет болады!», – дейді әнші Әли Оқапов.

Дулат Әбдікәрім 5 жасынан бастап вокалмен  шұғылданады, музыкалық мектепте баян ойнауды  үйреніп жүр, спортты жақсы көреді, суретші ретінде  жеке көрмесін өткізуді армандайды.

Дулаттың ата-анасы – музыкалық педагогтар.  Әбдікәрімдер отбасында бес бала бар, үлкен екеуі  консерваторияда оқиды. Дулат – олардың ең кішісі  және ең дарындысы. Басқа да жартылай финалға  қатысушылар сияқты күзгі демалыс кезінде Дулат ән  жаздырып, оны финалдың алғашқы күні орындайды,  ал  екінші күні тікелей эфирде Әли Оқаповпен бірге  шлягер орындайды.

«Бала дауысының» аймақтық кастингтері жалғасып  жатыр. Алда әлі 13 облыс бар, ендігі аялдама –  Қарағанды облысы, ол жаққа ең дарынды вокалшыны  іздеп Медеу Арынбаев жол тартады.

 

Талқылау