Әли Оқапов “Голос. Дети” байқауында қалай жеңіске жеткенін айтып берді
Жақында ғана "Қазақстан балаларының дауысы" жобасының алғашқы маусымы өз мәресіне жетті. Шоуда бас жүлдеге тігілген 3 млн теңгенің иегері болып Даниил Юн жеңімпаз атанды. Ал жобада Даниил Юнға жетекшілік еткен жас әнші Әли Оқапов, жоба және өзінің шығармашылығы туралы ойымен бөлісіп өтті. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Жобаға тәлімгер боламын деп біраз жоспарларын кешіктіріп те алған. Бірақ, мейлінше көп еңбек етіп, шығармашылығын шыңдай түсуге тырысып жатыр екен. "Алға жетелейтін ол – еңбек. Себебі кез келген тірі жан тіршілік етеді, еңбек етеді. Онан соң "нан табу керек" (күледі). Күрделі ойлар жоқ. Ал балалар үлкен сахнаға тезірек шығуға емес, өзіңді дамытуға көңіл бөлуің керек. Сахна ешқайда қашып кетпейді, ал оқуға уақыт әрқашан бола бермейді. Алдымен білім керек. Өз ісіңнің шебері, кәсіби маман, ешкімге ұқсамайтын тұлға болуың керек. Ал қалғаны өзі келеді. Өнер – ол мәдениет, мәдениет – ол ақыл-парасат. Соны ұмытпау керек", - деді әнші. Еске салсақ, Даниил Юн қазақстандық “Голос-дети” жобасының жеңімпазы атанған болатын. Оқи отырыңыз: Қарақат Әбілдина туған күнін мешітте атап өтуінің себебін түсіндірді “Соқыр махаббатты” түріктер үш жыл бұрын “Тек сен” деп түсіріп тастаған (видео) Димаш әйгілі Джеки Чанды туған күнімен құттықтады Мақпал Жүнісованың орындауындағы “Соқыр махаббат” фильмінің саундтрегі жарыққа шықты (видео)
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты
Абыл Кекілбаев төтенше қонулар авиакомпанияларға тек ерекше жағдайда ғана жасалатынын айтты
Алматылықтар арасында маска мен мұрын фильтрі танымал бола бастады: Лас ауадан қорғайтын құралдар шынымен тиімді ме
Масканың көмегі болуы үшін оның FFP2 немесе N95 түрін таңдау керек