Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әли Оқапов «голливудтық фильмнің» басты рөлін сомдайды

«Астана» телеарнасында биылғы жаңа жыл кеші «Жап-жаңа жыл-2016. Эволюция» деген ерекше атаумен өтеді. Жоба биыл төртінші жыл өз жалғасын табуда. Бұл күні көрермен кино, спорт және өнер саласындағы жылдың ең таңдаулы тұлғаларымен кездеседі.

20151223015820

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Көрермендер ән мен әзіл, күй мен би жарасымын тапқан кеште танымал тұлғалардың ел білмейтін қырын тануға мүмкіндік алады.

Бұл жаңажылдық кешті шоу-бизнес жұлдыздары Баян Есентаева мен Динара Сатжан жүргізіп қана қоймай, оның көңілді, мағыналы болып шығуына продюсер рөлінде өз үлестерін қосты. Ал жаңа жылдық шоуды голливудтық үлгіде түсіруді армандайтын режиссер – Нұрдәулет Шертім мен актриса Айгүл Иманбаева көрерменнің алдында жаңа образда жарқырайды.

Биылғы «Астана жұлдызы» Ұлттық музыка бәйгесінің тізгінін ұстаған танымал төрттік, көрермендерге естен кетпес жаңа жылдық думан сыйлауға дайын. Сіздерді «Нұрдәәәулет және оның отбасы…» атты жаңа телехикаяның тұсаукесері де таңғалдырмай қоймайды.

Соңғы жылдары «Астана» арнасында жоғарғы рейтинг көрсететін «Ел аузында», «Той жыры», «Кухня», «Открытая студия» бағдарламаларының мерекелік шығарылымы көрерменге тарту болмақ.

20151223015816

Танымал режиссер – Нұрдәулет “Той жыры” бағдарламасын голливудтық үлгіде түсіруді жоспарлап, қазақстандық қыздардың арманына айналған Әли Оқаповты басты рөлдегі күйеу жігіттің рөлін сомдауға шақырады. Тойдың қалай өткенін 31 желтоқсан күні тамашалауға болады.

20151223015824

Бағдарлама барысында әуез¬ді әнімен әзілді кештің көркін келтіретін эстрада жұлдыздары да бой көрсетеді. Олардың қатарында Роза Рымбаева, «Rin’GO» тобы мен «КешYOU» тобы, «Формат» тобы, Әли Оқапов, Айқын Төлеп¬берген, Нұрлан Абдуллин сынды танымал әртістер бар.

Талқылау