Тоқтар Төлешов мемлекеттің вице-президенті болуға ниеттенген

Дүйсенбі, 17 Қазан , 2016 22:14

Тоқтар Төлешов өзіне тағылған айыптардың алдын мойындай бастады. Атышулы «сыра королінен» бүгін Макс Боқаев пен Талғат Аянның сотында жауап алынған болатын. Билікті төңкеруді көптен көксеген қалталы кәсіпкер, осы ойын іске асыру үшін жер сатуға қарсылық білдірген халықты пайдаланбақ болғанын айтып отыр. Сөйтіп, жаппай митинг ұйымдастыру үшін Аянға ақша бердім дейді. Бірақ, «әлеуметтік араздықты қоздырды» деп айыпталып жатқан жігіттердің өздері Төлешовтың сөзін жоққа шығарды, – деп хабарлайды КТК арнасы.

df7127f11fdc783acee6c54538474768

Тоқтар Төлешов Макс Боқаев пен Талғат Аянға қатысты сотқа қатысу үшін Атырауға аптыға жеткен жоқ. Астанадағы Есіл аудандық сотының ғимаратынан ғаламтор арқылы байланысқа шықты. «Сыра королін» куәгер ретінде сотқа алдыруды талап еткен адвокаттар мен прокурорлар оны ә дегеннен-ақ сұрақтың астына алды. Сан сауалға саспастан жауап берген ол өзіне арнап елімізде вице-президент деген лауазымды енгізуді мақсат еткенін мойындады. Және ол үшін «Жер кодексіне» енгізілетін өзгерістерді өз мүддесіне пайдаланбақ болған. Сөйтіп, халық ішінен идеясын жүзеге асыратын Талғат Аянды таптым дейді. Ал Макс Боқаевтың есімін бірінші рет естіп тұр екен.

«Боқаевпен таныс емеспін, көрген де емеспін, тіпті телефонмен де сөйлескен жоқпын. Бірақ Жер кодексіне енгізілген өзгерістер оны да мазалап жүргенін біліп, баспасөз мәслихатын, митинг, көпшілік шаралар өткізуге дайын екендігін білдік. Ол үшін арадағы адамдар арқылы қаражатттың қажет екені айтылды. “Қанша” дегенде бастапқыға 150. 000 доллар деді. Мен 100. 000-ды таныстарым арқылы беріп жібердім», – дейді куәгер Тоқтар Төлешов.

Бірақ бейбіт шеруде белсенді ретінде көзге түскен Талғат Аян мұның бәрін жоққа шығарып отыр. Ол екі ортада делдалдық қызмет еткен адамды ашып айтуды өтінді. Бірақ Төлешов оның Атырауға белгілі азамат екенін, жеке басына қауіп төнетіндігін ескертіп, атын атаудан үзілді-кесілді бас тартты.

«Маған қысым көрсетіліп отырған жоқ. Біреуден қорқатын да жаста емеспін. Менің амбицияммен, менің жеткен жетістіктеріммен ештеңеден де қорқудың қажеті жоқ деп ойлаймын», – дейді куәгер Тоқтар Төлешов.

Төлешовқа Атырауда ереуіл ұйымдастыру ойы былтыр күзде келіпті. Ал өзі 30-шы желтоқсан күні кісенделіп кете барған. Осыдан соң Талғат Аян митинг ұйымдастырудан бас тартқан деп топшылапты. Тіпті Төлешов әлдекім арқылы жіберген қаражатына қадағалау жүргізуді де қойған. Айта кетсек, Шымкент сыра зауытының иесінің өзі қазір 16 бап бойынша айыпталып, сот алдында жауап беріп жатыр.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар