Бүлдіршін бауырының кереуеттен "қашуын" ұйымдастырды (видео)
Інісінің айғайын естіген ағасы көп кідірмей көмекке келді және сәбиге кереуеттен түсу жолын көрсетті.
Желіде сәбидің кереуеттен қашу видеосы пайда болды. Финн атты сәби оянып жылай бастады, оған өздігінен жүре алатын және өзін тәуелсіз санайтын ағасы көмекке келді. Кішкентай Финнға кереуеттен шығуға көмектесу үшін, бауыры балалар үстелін сәби кереуетінің жанына әкелген, деп хабарлайды The Sun.
Сосын сәбиге бостандыққа қалай шығу керектігін көрсетті, ол үшін үстелге шығып алып кермеден аттау керек болатын. Финн мұны қалай істеу керектігін түсініп, «құтқарушысының» жасаған ісін қайталады. Бірақ бойының қысқалығынан өздігінен аттай алмады. Сол кезде ағасы оны қолынан алып, кереуеттен түсірді, содан соң мәз мейрам балалар бөлмеден шықты. Видео 3 күн ішінде 32 миллионға жуық көрілім жинады.
Талқылау

Қазақстандық көпбалалы ана "Асар Уме" қайырымдылық қорын апатты үй берді деп айыптады
Екінші топ оқырмандар көпбалалы ананың қанағатсыздығын сынады

"70 күннен аса жүрдік": Қытайдан Астанаға атпен жолға шыққан жас жұбайлар көпшіліктің ықыласына бөленді
Бүгінде күллі қазақ жұрты оларды желіде бақылап, біразы алдынан күтіп, қонақ етіп жатыр