Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желілердің жаңа жұлдызы: Айбек Жағыппар деген кім?

Instagram әлеуметтік желісінде танымал әндерді орындап, әдемі даусымен талайды тамсандырған Айбек Жағыппар Мұратұлы есімді баланың танымалдығы күн санап артып келеді. Өзінен үлкен гитарасын қолына ұстап  алып ән салған болашақ әнші Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісіне 11 жасында гитарада ойнауды кім үйреткенін, сабақтан неге жиі қалатынын, тойларға неліктен шығатынын айтып берді

Қызылорда қаласының тумасы Айбек Жағыппар  ата-анасының ықпалымен өнерге кішкентай кезінен жақын болған. Жанұясында анасы да, әкесі де түрлі аспаптарда ойнап ән салған соң, бала жүрегінде әнші болсам деген арман оянған. Алайда ол әлеуметтік желілерде танымал болуды жоспарламаған.

Ағасының досы гитарамен ән айтқан Айбекті видеоға түсіріп, оны достарына таратып, желіге жүктеген. Видеоны көрген адамдар Айбектің әдемі даусына таңданып, оған қызыға бастаған. Сосын болашақ әнші “Инстаграмнан” парақша ашып, әндерін жүктегеннен кейін, адамдардың оған деген қызығушылығы арта түскен.

“Менің отбасымда бәрі өнерге жақын. Анам да, әкем де ән айтып, гитара тартады. Сондықтан әнші болу туралы шешім қабылдағанымда, олар қарсылық білдірген жоқ. Әрдайым отбасымның қолдауын сеземін. Осы қолдаудың арқасында өмірде өз жолымды таңдап, жақсы көретін ісіммен айналысып жүрмін. Жанұям тілеуімді тілеп, батасын беріп отырады.

Шамамен 11 жасымда гитараға деген қызығушылығым оянды. Осы аспапта ойнауды үйренгім келді. Гитараны тарта алмасам да түнгі бір, екілерге дейін дыңғырлатып отыратыным есімде. Анам мен әкем “ұйықта” деп ұрысатын. Бірақ Мақсат, Бекбол, Мұхиддин есімді ағаларымның көмегімен гитараның құлағында ойнады үйрендім. Негізі, гитарадан басқа домбыраны да тарта аламын.

Продюсерім болғысы келетін, ән жаздыруға ұсыныс білдіретін адамдар көп. Оқуымды бітірген соң, осыларды ойлап көруге болады. Әзірге ерте деп ойлаймын”, — дейді жас әнші.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ЖАҒЫППАР АЙБЕК МҰРАТҰЛЫ (@aibekk_m)

14 жаста ән салып, түсірілімдерге қатысып, байқаулардан қалмауға тырысатын жас әнші мектептегі сабағына көп қатыспайтынын айтып берді.

“Өнерімді мектебім, ұстаздарым қолдайды. Кастингтерден, түсірілімдерден, бағдарламалардан, жарыстардан қалдырмай, “барып қайт” деп отырады. Әрине, мектеп бағдарламасынан қалып қоятыным рас. Бірақ ұстаздарым жіберетін тапсырмаларды орындаймын. Тоғызыншы сыныпты тәмамдаған соң, Алматы қаласындағы өнер колледжіне түсу ойымда бар”, — дейді ол.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ЖАҒЫППАР АЙБЕК МҰРАТҰЛЫ (@aibekk_m)

Екі жүз мыңнан аса қаралым жинайтын видеоларды жас әнші Аружан есімді тәтесімен бірге бір сағаттың ішінде түсіреді.

“Барлық видеоларды туған әпкем Аружан түсіреді. Өзі монтаждайды. Видео түсіруге бір сағат жұмсаймыз. Туған әпкем Аружан видеоларды түсіріп, өзі монтаждайды. Кішкентай қателік жіберсем, тәтем барлығын басынан бастатқызады. Әнді де екеуміз бірге таңдаймыз”, — дейді ол.

Сұхбат барысында Жағыппар Айбек әншілік қабілетінен бөлек, өзін актерлық қырынан танытып жүргенін сөз етті. Ол танымал “Картоп-тв” вайнерлерінің жобаларына, КВН-ге қатысып үлгерген.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ЖАҒЫППАР АЙБЕК МҰРАТҰЛЫ (@aibekk_m)

“Бастық боламын” сериалының екінші және үшінші маусымына, “Кек” фильміне түстім. Маған сабақтан тыс кезде, уақытымды босқа кетірмейтінім ұнайды. Жақсы көретін ісіммен айналысатыныма қуанамын. Қазақ эстрадасындағы барлық әншілерден үлгі аламын. Дегенмен, Қайрат Нұртас, Нұрлан Абдуллин ағаларымды ерекше жақсы көремін”, — дейді ол.

Айбектің анасының айтуы бойынша, жұрт оның өнерін бағалап, тойларға көп шақырады. Алматы, Астана қалаларынан шақыртулар көп. Тіпті, Қырғызстан, Ресей сынды көрші жатқан елдер талабы таудай баланы өз елдеріне қонаққа шақырады. Әзірге әнші балапан шет елдерге шығып көрмеген. Тойға пайда табу үшін емес, көңілі қалаған соң шығады. Оның өзіне көпшілік арасында жүрген ұнайды екен.

 

Ескерту! Материалды көшіріп басуға қатаң түрде тыйым салынады.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр