Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемге танылған бүркітші қазақ қызы Қазақстан азаматтығынан бас тартты

 

Бүкіл әлемге танылған бүркітші қыздың әкесі Қазақстанның азаматтығынан бас тартты. Ол елге көшіп келмейтінін Моңғолияның ұлттық телеарнасы арқылы жеткізген.

82_main2

Бұл туралы ARD жаңалықтар порталы жазды.

Бүркітші қыздың әкесі өз әкесінің жолын қуып, 800 мал басын бағып отырғанын айтып берді. Олардың ішінде 20 түйе, 60 жылқы, сондай-ақ, қой мен қозылар бар. Қазір бұл отбасы Баян Өлгей елді мекенінен 40 шақырым жерде, Цамбагарав тауының жанында тұрып жатыр.

Нургайв өзінің де, қызының да Қазақстанға шақырылғанын атап өтті.

“Өзіміз қазақ болғанымызбен, Моңғолияда туып өстік. Тамырымызда моңғол қаны бар. Менің ата-бабам да осы жерде дүниеге келген. Сол себепті мен Моңғолияда туып өскенімді мақтан тұтамын. Алладан берілген бұл тағдырды қабылдадық. Бұл туралы ешқашан ұмытпаймыз. Бізге Қазақстанның азаматтығын ұсынды, бірақ бізді бұл қызықтырмайды. Өйткені біздің отанымыз – Моңғолия”, – дейді Нургайв.

13 жастағы Айшолпанды алғаш болып 2014 жылы фотограф Ашер Свиденски байқап қалған.

Бұған дейін Айшолпан Нұрғайыпкызы өзінің Ақ Қанат атты бүркітінің бар екенін айтқан болатын. Үлкен ағасы әскерге кеткеннен кейін, әкесі Айшолпанды ежелгі көшпенділердің мәдениетіне үйрете бастаған.

bc1d819630286c986bd29b99319893d5

Әнші Sia қазақтың бүркітші қызына ән арнаған. Моңғолияда туған этникалық қазақ туралы туынды Angel by the Wings деп аталады. Аталған ән режиссер Отто Белланың The Eagle Huntress фильмі үшін арналып жазылған.

Кинотуынды деректі фильмнің негізінде түсірілген. Оның тұсаукесері өткен жылдың қаңтар айында АҚШ кинофестивалінде кесілген.

Фильм желісі әкесі мен атасының 13 жастағы Айшолпанға бүркітті асырау, қолға үйретуі жайында. Ақырында ол аңшы-бүркітшілер арасында өткен сайыста жеңіске жетеді.

Жіберіп алмаңыз:

Германияда 22 мың Құран кітабын жерге көмбек

Әкесі ақша үшін кішкентай қызын жалаңаш суретке түсірген

АҚШ-та 7 жасар қызды бауыздап өлтірген 15 жастағы қыз бала тұтқындалды (фото)

Барак Обама президент ретінде елімен қоштасты (видео)

Талқылау