Әлем халқын дүрліктірген неке тойлары (фото)

Сәрсенбі, 24 Ақпан , 2016 13:34

Қазіргі уақытта небір қызықты өткен үйлену тойларының куәсі болып жүрміз. Бірақ, әлемде таңқаларлық әрі қайғылы некелер де болған. Солардың біразына тоқталып кетейік.

Безымянный

10-орында 9 жастағы Джейла Купер мен 7 жастағы Хосе Грикс тұр.  Джейла өзге қыздар секілді тұрмысқа шығып, той көйлегін кисем деп армандаған. Алайда ақ қан ауруымен ауырғандықтан, бұл арманының мүмкін болмайтынын білген. Оның жақын досы Хосе қыздың бұл арманын орындағысы келген. Ол үнемі Далластағы балаларға арналған медициналық орталыққа барып, Джейланың көңілін сұрап жүрген. Достықтарының соңы тойға ұласқан екі жастың оқиғасы адамға ауыр тиетін. Джейла тойдан соң екі ай өткенде 2009 жылы көз жұмды.

ааа

ппппп

9 орында Шадил Деффи мен Сариния Камсук. Егер жоғарыда айтылғандай қалыңдық қайтыс болар алдында тұрмысқа шыққан болса, бұл жолы күйеу жігіт қайтыс болған қалыңдыққа үйленді. Олар 10 жыл көңіл қосып жүріп, ақыры уақыттың тапшылығынан той күнін кейінге қалдыра берген. Сариния көлік апатынан көз жұмған. Ештен кеш жақсы деп шешкен Шадиль сүйген қызымен өлі күйінде некесін қиуға бел байлайды. Тіпті, жерлер алдында оған ақ көйлек кигізіп, қызының суық маңдайынан, ернінен сүйген.

эээ

8 орында 27 жастағы жапон жігіті мен Нини Анегасакидің некесі. Компьютерлік ойындарға әбден берілген жігіт «Махаббат+» ойынының кейіпкері Ниниге үйленген. Көпшілікті таң қалдырған бұл тойда күйеужігіттің өзі ойын кейіпкеріне үйленгенін еш әбестік көрмейді.

ууу

7 орында Питер, Пол және Мария тұр. 2012 жылы Мария Бубзики күйеуімен әлде көңілдесімен қаларын шеше алмай ақыры екеуімен де бірге тұратын болып шешкен. Күйеуінің келісімімен көңілдесі олардың үйіне көшіп келген. Сөйтіп, олар екі қызымен бірге бесеуі  тұрады. Әрқайсысы әр бөлмеде жатқанымен Мария екі күйеуімен де жақын қатынаста болған. Ең қызығы, Питер мен Пол дос болып кеткен.

ннн

6 орында Сафи Абдуллэ. Бұл жұптың жас айырмашылығы 95 жас. 112 жастағы Ахмет Мұхаммед Дор 2009 жылы 17 жастағы Сафиге үйленген. Ол қызды алтыншы әйелі етіп алуы үшін оның осы жасқа толуын күткен. Қыздың жақындары оның алдыңғы әйелдерінен 18 баласы бар күйеуімен бақытты өмір сүріп жатқанын айтады.

ннггш

5-орында Борис пен Анна Козловалар тұр. Олар 2008 жылы араға 60 жыл салып қайта қосылған. Екеуі ата-анасының мазарына барған жерде кездейсоқ кездесіп қалған. Тойдан кейін 3 күннен соң Борис қызыл әскер қатарына алынып, соғысқа аттанып кеткен. Соғыстан қайтып келгенде Аннаны отбасымен бірге Сібірге жер аударып жіберген екен. Сөйтіп олар 60 жыл өткен соң ғана бірге бола алған.

ййй

ееее

4-орында Анна Хенинг Суан мен Мартин Варбюрер Бейтс. 19 ғасырдың ортасында танысқан олардың жалпы бойының ұзындығы 4,5 сантиметрді құраған көрінеді. Аннаның бойы күйеужігіттен ұзындау болған. Мартин 222 см болса, Аннаның бойы 231 см екен. Олар циркте бірге жұмыс істеп жүріп, бір-бірін ұнатып қалған. Сөйтіп, 1871 жылы некелескен. Олардың некесін қиған адам олардың қасында кішкетай адамдай көрінген. Бірақ оның бойы 192 см болған екен.

цццц

3-орында Эрика мен Эйфель мұнарасы. Ғашықтардың көбі Эйфель мұнарасы алдында той өткізіп, суретке түсуді қалайтын болса, бұрын әскерде қызмет кеткен Эрика Эйфел мұнарасының өзімен некелесуді жөн көрген. Оның мұнарасыны жақсы көргені соншалық, 2008 жылы ресми қатыныс жасаған.

шшш

2-орында Аманда Роджерс пен Шиба. 40 жастағы ажырасқан Аманда 2014 иті Шибамен үйленіп, той жасаған. Ол бұл ісін итінің қиын кезде оны түсініп, қасында болғандығымен түсіндіреді.

яяя

1-орында Луи мен Луи. Анығын айтқанда, ол өз-өзіне үйленген. Оның өзін жақсы көргені соншалық, 2007 жылы ол өзіне өзі үйленген. Тіпті, бір суретінде оның шалбармен, бір суретінде көйлекпен тұрғанын көруге болады.

нн

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

3
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар