Әлемдегі ең улы жылан шаққан бала тірі қалды
ОАР-да демалыс кезінде 12 жастағы баланы мозамбик әбжыланы шағып алған.

Фото: twitter.com
Бұл туралы The Daily Mirror хабарлайды.
Джек Тейлор отбасымен және достарымен бірге Квазулу-Натал провинциясында демалып жүрген. Анасының айтуынша, жылан баланы ұйықтап жатқан кезде шағып алған.
“Ол иығын ауырсынып оянып кетті. Көзін ашқанда қолында тұрған әбжыланды көреді. Ол жыланды кереуеттен жерге түсірген”, – дейді анасы.
Тейлорды бірден жергілікті ауруханаға жеткізіп, алғашқы көмек көрсетіледі. Жылан оны тек бір рет ғана шаққан екен. Қазіргі таңда баланың жағдайы жақсы. Алайда дәрігерлердің айтуынша, жыланның уыты жасөспірімнің денесінен толыққанды шығып кетуі үшін, оның әлі ауруханада 5-6 күн жата тұруына тура келмек.
Оқи отырыңыз:
6 қыздың суреті ғаламтор қолданушыларын тұйыққа тіреді
Тест: Қаншалықты бұзылған адамсыз?
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты
Абыл Кекілбаев төтенше қонулар авиакомпанияларға тек ерекше жағдайда ғана жасалатынын айтты
Қолданыста жүргеніне 50 жылдан асқан: Астанадан ұшқан қазақстандық ұшақтағы түсқағазды көріп жағасын ұстады (видео)
Желі қолданушысы: "Қатты дыбыстан құлақ бітіп қалды, ұшақ қирап қалатындай көрінді"