Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемдегі ең ащы өсімдіктен ауырсынуды басатын дәрі жасайды

Американдық ғалымдар Мароккода өсетін Euphorbia resinifera (euphorbia) ең күйдіргіш өсімдікті зерттеп көрді. Дәрігерлер медициналық мақсатта осы өсімдіктен дәрі жасайтынын білді.

Зерттеушілер өсімдік құрамындағы шайырлы қабықшаның жүйке нышандарының сезімталдықты жоятынын анықтады. Өсімдік ащы бұрышқа қарағанда 4,5 миллион есе өткір. Зерттеушілер артриті бар иттерге жаңа дәрі-дәрмекті сынап көріп, оның хирургиялық операциядан кейін қалпына келтіруді тездетуге мүмкіндік беретінін анықтады. Себебі құрамында жалпы қабынуға қарсы әсері бар.

Мамандар бұл өсімдіктің күші ащы “каролиндік бұрыштан” 10 есе көп екенін айтады. Құрамындағы ресинифератоксин жүйке талшықтарын бірден жоймайды, тек сезімталдық пен ауыруға жауап беретін TRPV1 рецепторын бұғаттайды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау