Әлемдегі ең көпбалалы ана: 39 жастағы әйел 38 баланы өмірге әкелген
Угандада әлемдегі ең көпбалалы ана тұрып жатыр. Ол 38 баланы дүниеге әкелген.

39 жастағы Мариам Набатанзи – әлемдегі ең көпбалалы ана. Оның организмінің ерекшелігі сол, әр жүктілігінде бірнеше баланы өмірге әкеледі екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters басылымына сілтеме жасап.
Мариам Набатанзи 13 жасында алғаш рет егіздерін босаныпты. Мұнан кейінгі 25 жылда әйел 5 рет егіздерді, 4 рет үшемдерді және 5 рет төртемдерді дүниеге әкелген.
Алайда оны күйеуі тастап кеткен екен. Бүгінде әйел 38 баласын жалғыз өзі тәрбиелеп отыр.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты