Әлемдегі ең қауіпті төбеттер ондығы (фото)

Жексенбі, 11 Қыркүйек , 2016 4:07

Күнделікті көшеде иттердің түрлі тұқымын ұшыратамыз. Олардың көбі иесі серуендеткен үйдің иті болса, кейбірі – үйсіз «қаңғыбас» иттер.

1471850765_top-10-samyh-opasnyh-porod-sobak-v-mire

Бұл жануарлар адамға достық ниет білдіре алады. Алайда бақылаудан шығып, адамға сес көрсетіп, тарпа ұмтылатын кездері де жоқ емес. Сондықтан әлемдегі ең қауіпті иттер ондығын саралауды жөн көрдік. Ал сіз иттердің қандай ең қауіпті тұқымдарын білесіз?

  1. Қасқыр ит

    1471849779_10.-volkosob

Бұл иттер тұқымы, атауы айтып тұрғандай-ақ, ит пен қасқырдың буданы болып табылады. Соған сәйкес, бұл буданда иттің де, қасқырдың да генетикалық белгілері бар. Табиғаты бойынша, олар – нағыз жыртықштар. Себебі қолға үйретуге, адамға бағынуға көнбейді. Қасқыр будандары – қарапайым иттер мен қасқырлардан ақылдырақ. Бірақ аз да болса қолға үйретілген.

  1. Боксер

    1471849878_bokser

Әдетте аталған ит тұқымы соншалықты қабаған болмағанымен, бәрі-бір тізімімізде 9-орынға ілікті. Себебі 1982-2012 жылдар аралығында боксер ит тұқымына қатысты 48 жайсыз оқиға орын алған. Боксерлер Германиядан шыққан. Олар елдуен жетпіс фунтқа дейін өседі. Бұл иттер ойнақы, жарқын, белсенді болғанымен, қырсық мінезге ие.

  1. Чау-чау

    1471849884_chau-chau

Бұл иттер сырт көзге тыныш әрі достық сүйгіш болып көрінеді. Алайда олар иесінің тұрақты түрде назар аударуын талап етеді. Керісінше жағдайда, қолға үйретілмеген чау-чау иттері қабаған, ызақор болып өседі. Оларды тұңыш рет Қытайда өсіре бастаған. Олар елуден жетпіс фунтқа дейін өседі. Отанында оларды «томпақ арыстан» деп те атайды.

Бұл ит тұқымы өз иесі мен бөтен адамды жаңылыспай таба алады. Тіпті бөгде адамға сес көрсетіп, иесін қорғайды. Ал тізімнен 8-орынды еншілеу себебі 1979-1998 жылдар аралығында чау-чау тұқымына қатысты орын алған 238 қанды оқиғаға байланысты. Көбіне оларды пәтерде ұстағанмен, иттердің бұл тұқымы бар назарын бұйрықтардың орындалуына аударып, айналасындағыларға қауіп төндірмеу үшін, күнделікті жаттығулар мен белсенділікті қажетсінеді.

  1. Хаски

    1471849990_haski

Иттердің бұл тұқымы әдетте жер шарының солтүстік аймақтарында шана сүйреу мақсатында қолданылады. Уақыт өте келе оларды ит жегу спорты, треккингке үйретті. Сырт көзге сүйкімді болып көрінгенімен, олар – туа бітті жыртқыштық түйсігі себепті ұсақ жануарлар үшін қауіпті. Ал адамдарға қатысты айтар болсақ, хаскилер ұзаққа созылған қатынастан кейін қауіп төндіруі мүмкін.

  1. Аляскалық маламут

    1471850030_alyaskinskiy-malamut

Иттердің бұл тұқымы да ит жегуге арналған. Олар бақытты болу үшін күнделікті күтімді талап етеді. Керісінше жағдайда иесіне деген қызығушылығын жоғалтып, сөзіне, бұйрықтарына құлақ аспайтын болады. Аляскалық маламуттар жетпістен жүт фунтқа дейін өседі. Оларды қолға үйрету оңайға түспейді, сондықтан ит иелерінде қиындықар туындайтын жағдай жиі кездеседі. Тіпті, күшік кезінде де басқа да үй жануарларына агрессия танытуы мүмкін.

  1. Доберман

    1471850019_doberman

Иттердің бұл тұқымын 1890 жылы Германияда Карл Фридрих Призефигтер өмірге әкелген. Добермандар алпыстан тоқсан фунтқа дейін өсе алады. Бұрынырақта оларды күзет не полиция иті ретінде пайдаланған. Бірақ адамдар добермандарды біртіндеп үй жануары ретінде қолға үйрете бастады. Олар бөтен адамдар мен иттерге сес көрсетеді. Десе де иелеріне үйірсек әрі жақсы дос. Негізгі қауіптілігі көлемі мен күші себепті.

Көбіне добермандардың адамдарға шабуыл жасауы иелеріне қауіп төнген сәтте орын алады. Алайда кей жағдайда шексіз сенімділіктің қателікке ұрындыруы мүмкін. Дәл осы себепті Добермандар тізімдегі 5-орынға ілікті.

  1. Ротвейлер

    1471850227_rotveyler

Ротвейлерлер – генетикасы жақсы дамыған әрі қорғау түйсігі бар күшті иттер. Иттердің басқа да тұқымы сияқты, ротвейлерлер иелерінің жеңілтектігі үшін қауіпті мінез-құлық танытады. Иесінің толығымен оқуға не қызметіне кірісіп, итіне қамқорлық жасамауы олардың бақылаудан шығып, тек басқа да жануарларға емес,адамға да шабуыл жасауына алып келуі мүмкін. Ал олардың тізімдегі 4-орыннан көрінуіне алапат күші сеп болды.

  1. Питбуль

    1471850288_3.-pitbul

Бүгінгі күн питбульдер, олардың қауіптілігі жайлы естімеген, білмейтін адамдарды сирек кездестіресіз. Әуелде иттердің бұл тұқымын өгіздер мен үлкен аюлардың ізіне түсу үшін асыраған. Уақыт өткен соң адамдар питбульдер арасында қатігез әрі заңсыз төбелес ұйымдастыра бастады. Өз кезегінде, ол питбульдердің Америкадағы ең қауіпті төбет ретінде танылуына ықпал етті.

  1. Неміс овчаркасы

    1471850173_nemeckaya-ovcharka

Иттердің бұл тұқымы туралы көптеген фильм мен сериал түсірілді. Олар – өте ақылды, өзіне сенімді, сақ және бойында қорқыныш сезімі жоқ. Көбінесе оларды полиция иті ретінде қолданады. Неміс овчаркаларына үлкен назар аударып, қолға үйрету үшін барынша тырысу қажет.

Керісінше жағдайда, үй қорғаушысынан бұрын, адамдарға кез-келген уақытта шабуылдай алатын қауіпті жануарға айналады. Сонымен қатар Германияда шығарылған иттерге әлеуметтендірудің маңызы зор.

  1. Кавказ овчаркасы

    1471850122_kavkazskiy-ovcharki

Кавказ овчаркасы – әлемдегі ең қауіпті ит. Олар фермадағы малдарды жабайы жыртқыштардан қорғау мақсатында шығарылған. Иттердің бұл тұқымының өкілдері – күш-жігер мен батылдыққа ие. Тиісті дайындықтан өткен иттер өз иелерін, басқа да жануарларды тамаша қорғайды. Бірақ әлеуметтендірілмеген, қолға үйретілмеген Кавказ овчаркасы аса қауіпті әрі кез-келген себеп үшін адамдарға шабуылдауы мүмкін. Оған қоса Кавказ овчаркаларының әлемдегі ең үлкен ит тұқымдарының қатарына кіретінін атап өтеміз. Иттердің бұл тұқымы адамдарға шабуыл жасаған оқиғалардың 60 пайызында жапа шеккендердің денсаулығына үлкен зардап тиген.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар