Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемдегі ең қарт адамның жасы – 145-те

Бұл индонезиялық ер адамды жер бетіндегі ең қарт адам деп атап кеткен. Мбах Гозо 145 жылдан бері ғұмыр кешіп келе жатыр.

1472368599_samomu-staromu-cheloveku-v-mire-neveroyatnye-145-let-3 Бұл туралы nz1.ru хабарлайды. Бұл ешқандай да ойдан шығарыла салған сан емес. Мұны тіпті ресми құжаттар да растайды. Аталмыш құжатты оған Индонезияның ресми мекемелері берген. Егер бұл ақпарат шындығында рас болса, онда жер бетіндегі ең егде адам деп саналып келген француз әйелі Жанна Кальманнан да (122 жас) үлкен болып шығады. Ғасырдан астам уақыт жасаған Мбах Гозо өлуге де дайын екенін айтыпты. Ол өзінің 10 ағасы мен әпкесі, төрт әйелі және барлық балаларынан айырылған. Ал одан ұзақ өмір сүрудің құпиясын сұрағанда, ол "тек шыдамдылық" деп жауап беріпті. 1472368649_samomu-staromu-cheloveku-v-mire-neveroyatnye-145-let-2 Гозоның немересі атасының уақыттың басым бөлігін радио тыңдап өткізетінін айтқан. Ал теледидар көруге көзінің мүмкіндігі мүлде жетпейді. Оған берілген құжатта Мбах Гозо 1870 жылы 31 желтоқсанда туды деп көрсетілген.
Талқылау