Әлемдегі ең бай әйел дүниеден озды

Жұма, 22 Қыркүйек , 2017 10:23

Францияда атағы жер жарған LʼOreal косметикалық компаниясының басшысы Лилиан Беттанкур 94 жасында дүниеден озды.

Лилианның жалғыз қызы Франсуаза Бетанкур Майерс отбасылық бизнестің сенімді қолға өткеніне үміттенетінін айтты, деп хабарлады Росбалт

«Мұндай ауыр күнде компания президенті Жан-Поле Агон мен оның командасына сенім артатынымызды айтқым келіп отыр’, – деді марқұмның қызы.

Лилианның көз жұмғанын Агон растады. Ол марқұмның компанияның өркендеуіне қосқан үлесін атап өтіп, оны сұлулықтың патшайымы деп атады.

Айта кетейік, Forbes нұсқасы бойынша, Беттанукур әлемдегі ең бай әйелдердің қатарына кірді. Оның байлығы 44,7 млрд долларға бағаланып отыр. Ол жер шарындағы ең бай адамдардың тізімінде ерлерден кейін 14-орында тұрды.

Ол – 1909 жылы компанияның негізін қалаған химик Эжен Шюллердің қызы. 2012 жылы Беттанкур LʼOreal директорлар кеңесінен кетті, алайда оның отбасы әлі күнге дейін косметикалық компанияның 33,1% акциясын иеленіп отыр.

Жіберіп алмаңыз:

Тәжікстанда тура той басталар алдында билік тамақтарды тәркілеп әкетті

Өзбекстанда мектеп мұғалімі сабақ үстінде оқушыларды ашықтан ашық қарғады (видео)

АҚШ-та төрт оқушымен төсек қатынасына түскен мұғалім өмір бойына сотталуы мүмкін

Тележоба арқылы сүйіктісін іздеген британиялық жігіт өзіне қол жұмсап тынды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар