Әлемдегі ең үздік мейрамхананың бас аспазы өзіне қол салды

Сейсенбі, 2 Ақпан , 2016 10:01

Әлемдегі ең үздік аспаздардың бірі – 44 жастағы Бенуа Виолье өзіне қол салды. Теңдесі жоқ Hôtel de Ville мейрамханасының бас аспазының денесі 31 қаңтар күні өз үйінде табылды. Швейцарияның Во кантонының (әкімшілік-территориялық бөлініс) полицейлерінің мәліметінше, ол өзіне оқ атқан.bv

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Виолье бірден Michelin үш жұлдызы дәрежесі берілген Hôtel de Ville мейрамханасында 1996 жылдан бері жұмыс істеп келген. Сол уақыттан бері оның мансабы өсе берген. 2015 жылы Бенуа Виолье басқарып отырған Hôtel de Ville мейрамханасы La Liste – әлемнің үздік мейрамханаларының рейтингінде көш бастаған.

Виолье өзі Le Chefs журналы шығарып отыратын әлемнің үздік аспаздары рейтингіне тұрақты түрде еніп отырған. 2016 жылдың басындағы тізім бойынша ол 9-орында тұрған.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар