Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемдегі әйелдерінің бойы ең ұзын ел анықталды

Дәрігерлер әлемдегі бойы ең ұзын әйелдер мен ерлер тұратын елді атады.

leginsy-4

Сурет: www.magdayana.ru 

Бой ұзындығы орташа есеппен 169,8 см-ді құрайтын әйелдер Латвияда тұрады. 182,5 см орта есебімен нидерландық ерлер көш бастайды. Зерттеу авторлары 1914 жылы латвиялықтардың бойы жағынан 28-орынды, нидерландықтардың 12-орынды иемденгенін айтады.

Бойдың жылдамдықпен өсуі Оңтүстік Корея мен Иранда да байқалады. Соңғы жүз жылдықта корей әйелдері 20 см-ге, ал ирандық ерлер 16,5 см-ге өскен. Бойы ең кіші ерлер Шығыс Тиморда (159,8 см) әйелдер Гватемалада (149,4 см) тұрады.

1914-2014 жылдар аралығында ресейлік әйелдердің бойы 153,6 см-ден 165,3 см-ге, ерлер 167 см-ден 176,5 см-өскен. Зерттеу мәліметнше, әлем бойынша соңғы жүз жылдықта адамның бойы орта есеппен 11 см-ге артқан. Қазіргі уақытта жер бетіндегі ерлердің бойы орта есеппен 177,5 см, әйелдердің бойы 164,4 см-ді құрайды.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда бойы ұзын адамдардың кездесуі өтті (фото)

Әлемдегі ең жаман әкелер өмір сүретін ел анықталды

Әлемдегі  жұмыс аптасы ең қысқа ел анықталды

Әлемдегі ең бақытсыз ел анықталды

Талқылау