Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемде бірінші рет: Қытайлық телеарнадағы жаңалықтарды жасанды жүргізуші жүргізе бастады (видео)

Қытайлық телевидение ерекше жаңалығымен бөлісіп, жасанды интеллект негізіндегі цифрлық жүргізушіні таныстырды.

Әлемде бірінші рет: Қытайлық телеарнадағы жаңалықтарды жасанды жүргізуші жүргізе бастады (видео)

Бұл туралы Қытайдың Орталық телевидениесі мәлімдеді, деп жазады Stan.kz.

Кибержурналисті таныстыру рәсімі Чжэцзян провинциясында болған Ғаламторды басқару жөніндегі дүниежүзілік конференцияда өтті.

Виртуалды жүргізуші Қытайдағы танымал журналист Цю Хаоның келбеті мен даусын қолдану арқылы жасалған. Оны дайындаған мамандардың сөзінше, кез-келген адам виртуалды жүргізушінің прототипі бола алады. Бағдарламаға жүргізуші түсірілген видеоны енгізсеңіз болды, ол жүргізушінің образы, ым-ишарасын сол қалпы көшіріп алады.

Мамандардың сөзінше, виртуалды жүргізушінің көмегімен телевизиялық контент өндірісін айтарлықтай арзандатуға болады. Себебі виртуалды жүргізушіге өзін бояндыру, бағдарламаны жүргізу үшін студия, теле және дыбыс операторының керегі жоқ. Және мұндай жасанды жүргізуші жалақысыз тәулігіне 24 сағат, демалыссыз жұмыс істей алады.

 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау