Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
«Әлем миссисі» апатқа ұшырап, көз жұмған көліктің суреті жарияланды (фото)
Қырғызстанда Ыстықкөл облысының полициясы «Әлем миссисі-2018» Сания Шакирова апатқа ұшыраған көліктің суретін жариялады.

Бұл туралы Қырғызстанның ІІБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Жол-көлік оқиғасы 2 маусымда кешкі уақытта орын алған. Namba Taxi компаниясына тиесілі көлік Ыстықкөл облысындағы Чок-Тал аулының маңында апатқа қшыраған. Ravon Nexia маркалы көлік ішінде 3 адам болыпты.

«Жүргізуші көлікті басқара алмай қалған. Көлік Чок-Тал аулында зиратты қоршап тұрған қабырғаға соғылған. Салдарынан Шакирова оқиға орнында көз жұмды. Көлікте болған тағы бір 38 жастағы жолаушы облыстық ауруханаға жеткізілді. Жүргізуші Бішкектегі травматология және ортопедия бойынша ғылыми-зерттеу орталығына жатқызылды», – делінеді ІІБ хабарламасында.

Марқұмның артында кәмелет жасқа толмаған 3 баласы қалды.

"Өлтіруге болатынын балаларға көрсетуге болмайды": Аружан Саин бұралқы иттерді жоюға қарсы шықты
14 сәуірде Алматыда бұралқы иттерді эвтаназиялауды міндеттейтін заңға қарсы баспасөз конференциясы өтті
"50 миллиардқа жуық қаржы бөгде шотқа түседі": Блогер Республика сарайын жалға берушілерді ел қазынасына қол сұқты деп айыптады
Блогер: "Қағаз жүзінде жасалған келісімшарттан кейін қаражат қазынаға емес, осы ұйымның басқа шоттарына түседі"