Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

 «Әлем ханымының» өліміне себеп болған көлік жүргізушісін неліктен қамауға ала алмай отыр

Қырғызстанда «Әлем ханымы-2018» Сания Шакированың өліміне себеп болған көлік жүргізушіге қатысты сот 2 айға  қамауға алу туралы шешім шығарды. Алайда әзірге жүргізушіні қамауға алу мүмкін болмай тұр.

Сания Шакирова

Бұл туралы Sputnik Қырғызстанға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Кеше, 7 маусымда, Бішкектегі №4травматология және ортопедия бойынша ғылыми-зерттеу орталығының травматология бөлімінде көшпелі отырыс өтті. Отырыста Ч.К.-ны екі айға қамауға алу туралы шешім шығарылды. Алайда дәрігерлер оны қамауға алуға тыйым салып отыр.

Қазіргі уақытта жүргізушіні қарауыл жасағы күзетуде.

Ер адамның бұғанасына ота жасалуы тиіс болғандықтан, әзірге оны қамауға ала алмайды. Отадан кейін ол тағы бірнеше күн дәрігерлердің бақылауында болады. Егер жағдайы тұрақты болса, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне оны қамауға алуға рұқсат береді.

Естеріңізге сала кетсек, 2 маусымда Сания Шакирова отырған такси көлігі апатқа ұшыраған еді. Namba Taxi компаниясына тиесілі көлік Ыстықкөл облысындағы Чок-Тал аулының маңында апатқа қшыраған. Ravon Nexia маркалы көлік ішінде 3 адам болыпты.

Мас күйінде көлікті тізгіндеген жүргізуші рөлді басқара алмай, көлік Чок-Тал аулында зиратты қоршап тұрған қабырғаға соғылған. Салдарынан Шакирова оқиға орнында көз жұмды. Көлікте болған тағы бір 38 жастағы жолаушы облыстық ауруханаға жеткізілді.

Жүргізуші Бішкектегі травматология және ортопедия бойынша ғылыми-зерттеу орталығына жатқызылды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау