Әлем елдерінің ең мәдениетсіз ұшақ жолаушылары (фото)
Егер сіз төменде аталған ұшақ жолаушыларының қатарынан болсаңыз, онда өзге жолаушылардың сізге жек көре қарайтыны сөзсіз. Ұшақ жолаушылары арнайы белдікті тағудан бөлек өздерін мәдениетті ұстағаны абзал.
Бұл туралы bigpicture.ru хабарлайды.
Алайда мұны барлық жолаушылар түсіне бермейді. Олар ұнамсыз әрекеттері үшін қатаң жазалап не ұшақтан ешкімнің түсіре алмайтынын біліп әдейі солай жасайтын секілді.
Бұрынғы стюардесса Шон Кэтлин әлемнің түкпір-түкпіріндегі осындай жолаушылардың суретін ұялту үшін Passenger Shaming сайтына жариялаған.
Ұшақ жолаушыларының ішінде аяғында шұлығы жоқ, мас күйінде жалаңаш жүрген жолаушыларды көруге болады.
Кейбір мәдениетсіз адамдар тамақтануға арналған үстел үстіне аяғын қойып, педикюр жасайды.
Мына ер адам төтенше жағдай орын алып қала ма деген қауіппен қауіпсіздік кеудешесін киіп алған.
Ер адам ұшақ ішінде жаттығу жасауда
Ұшу кезінде жолаушылар көңіл-көтеріп үлгереді
Мына қыз аяғын қойып отырған үстелге кейін адамдар тамақ ішеді емес пе?
Экранға қарап отырған жолаушы бұл әйелдің маникюрін емес, фильм көргісі келген шығар.

"Баланы тұз қосылған суға шомылдыру, омырауын сығу" сынды салттар қаншалықты дұрыс – Мамандар жауап берді
