Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлем чемпионы Бекзат Нұрдаулетов Алматыда өткен бокс кешінде жеңіске жетті

2019 жылғы әлем чемпионы Бекзат Нұрдаулетов (6-0, 2 KO) Алматыда өткен "Чемпиондар түні IBА" бокс кешінде жарқын жеңіске жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: IBA

"Adal Promotions" промоутерлік компаниясының боксшысы Бекзат Нұрдаулетов Алматыда өткен "Чемпиондар түні IBА" халықаралық кәсіпқой бокс кешінде жұдырықтасып, жарқын жеңіске жетті. 80 келі салмақта сынға түсетін былғары қолғап шебері доминикандық боксшы Луис Антонио Техеданы төрешілердің бірауыздан шешімі бойынша ұтты. 8 раунд бойы қарсыласын қуалап жүріп ұрған Бекзат Техеданы нокаутқа түсіре алмады. 

Айта кетейік, Бекзат Нұрдаулетов соңғы жекпе-жегінде (6-0, 2 KO) Астанада өткен  "Чемпиондар түні IBА" - "Astana Arlans" турнирінде жеңіліп көрмеген ресейлік Никита Зонды (7-1-1, КО 5) ұтқан еді. 

Талқылау