Әлем чемпионатындағы жеңісі үшін Назым Қызайбай Есімовтен велосипедке жететін ғана ақша алған

Бейсенбі, 2 Маусым , 2016 10:09

Екінші мәрте бокстан әлем чемпионы деген атақты иеленген Назым Қызайбай, өкінішке орай Риодағы олимпиадаға бара алмайды.

naz

Сурет kaspibank.kz

Бұл туралы informburo.kz хабарлайды.

Ол олимпиада ойындарына қатты қатысқысы келген. Бірақ, бапкері Вадим Присяжнюк оны ақыры 48 келіде бокстасуға көндірген. Ал бұл салмақта олимпиада ойындарында сайыс өтпейді. Бірақ, бапкер сенім артпаған 51 келіде де шықсам, міндетті түрде олимпиадаға жолдама алар едім дейді Назым.

“Осылайша әлем чемпионатында қола медаль алған Жайна Шекербекова олимпиадаға баратын болды. Демек, менің уақытым әлі келмеді. Енді келесі Олимпиадаға дайындалатын боламын. 4 жылдан соң 26 жасқа толады екенмін. Барынша Токио төрінен алтын әкелуге тырысамын. Үйге қарағанда сыртта өзімді жақсы сезінемін”, – дейді Назым.

Ол қазір тележобаларға, түрлі шараларға қатысуды мүлде қойған. Бұл жаттығуыма кедергісін тигізе жаздады дейді спорты. Бірақ, әлеуметтік желіде, әсіресе Инстаграмға жиі сурет салып отырады. Оны көп ренжітетін пікір – адамдардың ұлға ұқсайсың деп айтатыны екен.

94_wide

Сурет kfb.kz

“Мен өзіме қалай ұнаса солай киінемін. Рэп жиі тыңдаймын. Қай кезде қаласам шашымды да қысқарта саламын. Жеке өміріме келсек әзірге жігітім жоқ”, – дейді әлем чемпионы.

Ал жас спортшыны мемлекет тарапынан ынталандыра қойған ешкім болмапты.

“Бапкерім маған үнемі “әлем біріншілігін жеңсең міндетті түрде пәтер береді” дейтін. Мен шынында да үміттендім. Алайда Оңтүстік Кореядан алтын медаль әкелгенімде ешкім де сый бермеді. Үйді бірнеше жыл бойы жинаған ақшама өзім алдым. Қазір сіңіліммен бірге “Алғабас” ықшамауданында тұрып жатырмын.

Ал Назымның жеке бапкері олимпиадаға Назымның бармауы үшін әлдекімдер жанталасып бақты дейді.

“Біраз адамдар Назымды олимпиадаға қатыстырмау үшін барын салды. Бастапқыда салмақты сылтау етті, сосын 51 келіде бокстасу үшін психологиялық дайындық керек деді. Солардың өздері де білмейді психологиялық дайындықтың не екенін. Бас бапкер Вадим Присяжнюктің үстінен әмірін жүргізетіндер бар. Назым екеуміз олимпиадаға қатты дайындалғанбыз. Ол әлем чемпионатының екінші алтынынан да артық еді”, – дейді бапкері Жұмабек Шермұхамбетұлы.

Енді Назым еш демалыссыз келесі жарыстарға дайындалуға кірісіп кетпек. Осылайша қазан айында студенттер арасында өтетін Тайландтағы әлем чемпионатына қатысуды жоспарлауда.

80791_tn

Сурет kfb.kz

“Бірінші әлем чемпионатынан кейін оған ешкім де демеу көрсетпеді. Қала әкімі Ахметжан Есімов оған бар болғаны велосипедке жететін ақша беріп шығарып салды. Қайта кәсіпкер Бауыржан Оспановқа рахмет, ол өз атынан Назымға көлік сыйлады. Қала болса жол шығынын да өтемейді. Сайыстарға өз ақшамызбен барып жүрміз.

Ал екінші әлем чемпионатынан соң Алматыға келгенде не әкімдіктен, не телеарна өкілдерінен ешкім күтіп алмаған. Тек спорт мектебінің директоры мен аздаған адам қарсы алып, суретке түсіп тарқасыпты.

80808_tn

Сурет kfb.kz

“Астана өткен әлем чемпионатында біздің қыздар төрт алтын алды. Бұл бірінші әрі соңғы рет. Астанада сорақылықтар орын алды. Қыздарды сүйрегендей қылып жүлде тұғырына алып шықты. Олимпиадада бізді осы үшін жазалайды. Медаль мүлде болмайды. Дариға Шәкімова да, Жайна Шекербекова да іліне алмайды жүлдеге”, – деп аяқтады сөзін бапкер Жұмабек Шермұхамбетұлы.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

4
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Акимшилмктин бунысы дурыс болмапты. не дегенимен каракоз кыздарымыз елимиздин кок тутуын желбиретип , нанамыска тырысып алтын алып келип турганда. Олар зор курметке лайык деп билем. Ардайым сендерге Алла жар болып, биткен коркорине бериндер.

  • Жұмбақ жан says:

    Назым-ау сені ұлға ұқсатып жүрген кім? Оттай береді олар. Сен бейкүнә періштеге ұқсайсын! Пәксің! Оны қызғанатындар көп. Сенің жеңісінді де қызғанатындар көп. Сондықтан мұндай сужұқпастардың сөзіне құлақ салма. Телевидение, БАҚ неге қызығады дейсің ғой, саған? Өйткені сенің сұлу келбетін қайталанбайды, өте сирек. Боксшы болмасаң, нағыз сән биігінен көрінер едің. Менің байқағаным, балалықтың тазалығы жүзінен нұр болып төгіліп тұратын еліміздегі спортшының сен – екіншісісің. Біріншісі – Илья Илин…

  • Жұмбақ жан says:

    красавица умница ))

  • Жұмбақ жан says:

    Так и гибнет спорт в Казахстане !!!! Нет поддержки

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар