Әлем чемпионатындағы венесуэлалық шаңғышының әрекеті көрермендерді күлкіге қарық қылды (видео)
Финляндияның Лахти қаласында өтіп жатқан шаңғы спорты бойынша әлем чемпионатына кезінде венесуэлалық спортшының әрекеті еріксіз күлкі туғызды.

Адриан Соланов іріктеу жарысы басталған сәтте-ақ, сөреден шыға берісте тепе-теңдігін жоғалтып ала жаздап барып, әрең түзеліп кетеді. Кейін ол жарыс жолында да теңдігін жоғалтып, қайта-қайта құлайды.
Оның әрекеттерінен шаңғыны басқара алмайтыны, өз денесін ырыққа көндіре алмайтыны айқын байқалады. Кей жерлерде шаңғымен сырғанауды ұмытып, кәдімгідей жүгіріп те жарысып көреді. Алайда онысынан да түк шықпай омақаса құлайды.
Ал көрермендер болса, тегін әзіл көріністерін көріп, бір мәз болып қалды. Венесуэлалық шаңғышы осылайша көшбасшыдан 38 минутқа қалып қойды.
Оқи отырыңыз:
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"