Әлем бойынша ең күшті іздестірілген лаңкестердің бірі өлтірілді
Америкалық әскерилер Джамаль Ахмед Мұхаммед Әли әл-Бадауи есімді йемендік лаңкесті өлтірді.
Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп Twitter-де жазды, деп хабарлайды Stan.kz.
«Біздің «Әл-Каидаға» қарсы жұмысымыз жалғасып жатыр. Біз радикалдық исламдық лаңкестікпен күресімізді ешқашан тоқтатпаймыз», – дейді Трамп.
CNN телеарнасының мәліметінше, әл-Бадауи 1 қаңтарда Йемендегі Мариб провинциясында әуе соққысының салдарынан көз жұмған. Операция кезінде ол көлікте жалғыз болған.
Әл-Бадауи АҚШ-тың ФТБ нұсқасы бойынша ең күшті іздестірілген лаңкестер тізіміне кірген. Оның тұтқындалуына көмек ретінде берілген мәлімет үшін сыйлық ретінде 5 миллион доллар (1 млрд 980 млн теңгеден аса) тағайындалған.
2004 жылы Йеменде лаңкес өлім жазасына кесілген. Артынша бұл жазаны өмір бойына бас бостандығынан айыруға алмастырды. Әл-Бадауи бірнеше рет түрмеден қашып кеткен. Нәтижесінде 2007 жылы түрмеден босатылып, ол жергілікті билікке адалдық танытуға уәде берген еді. Сол кезден бастап АҚШ оны іздестіре бастаған.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.