Alem Band тобы: Байзақованы соңына дейін қолдану керек
Атышулы Байзақованы екі мәрте клипке түсірген Alem Band тобы жақында q-pop бағытына ауысқан еді. “Хайп” іздеуден жалықпайтын жігіттер бұл жолы 91-ге ұқсамақ болған. Алайда жаңа бағыт Байзақова сияқты көп “хайп” сыйламаған көрінеді.

Топ продюсері алдағы уақытта Байзақованы тағы бір клипке түсіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы Stan.kz “Гәкку” арнасына сілтеп хабарлайды.
“Продюсеріміз тағы бейнебаян болады деп жатыр. Халық бізді “хайпжандар” деп атап кетті. Соған сәйкес келетіндей, продюсеріміз соңына дейін Байзақовамен клип түсірмек. Байзақова негізі біздің “бойтұмарымыз” болып кетті. Сондықтан оны соңына дейін қолдану керек”, – дейді топ жігіттері.
Бұдан бөлек, Alem Band алдағы уақытта тағы қандай жоспарлары бар екенін айтты.
“Алда сол өзіміздің репертуарға жиналған әндерді жасау. Көбінесе студиялық жұмыстар күтіп тұр. Гастрөл бар”, – дейді олар.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады