Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алексей Ягудин «Тает лед» бағдарламасының арнайы шығарылымын Денис Тенге арнады

Арнайы шығарылымға ресейлік атақты мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді дайындаған Елена Водорезова мен Татьяна Тарасова, сонымен қатар спортшылар, Теннің достарымен сөйлескен, деп хабарлайды Stan.kz

Алексей Ягудин «Тает лед» бағдарламасының арнайы шығарылымын Денис Тенге арнады

Тенге арналған бағдарлама 8 тамыз күні, марқұмның қайтқанына 21 күн толған кезде жарық көреді.

Алексей өзінің инстаграм парақшасында «Арнайы Елена Водорезова мен Татьяна Тарасовамен сөйлесу үшін Мәскеуге ұшып келдім. Денис Тенге арналған бағдарламаны түсіруге мүмкіндік берген «Матч ТВ» арнасына бөлек рахмет» деген жазба қалдырған.

Бұл жобада Алексей Теннің достары, жаттықтырушылары, әріптестерімен сөз өрбіткен. Олардың қатарында Максим Маринин, Татьяна Тотьмянина, Максим Траньков, Татьяна Волосожар, Илья Авербух, әртіс Санжар Мадиев, режиссер Игорь Цай, Теннің алғашқы жаттықтырушысы Елена Водорезова мен атақты тәлімгері Татьяна Тарасова бар.

Бағдарлама түсірілімі Алматы, Мәскеу және Сочи қалаларында өткен.

Елена Водорезованың есінде Денис – жанжалсыз, өте еңбекқор, барлығымен тіл табыса білетін бала еді. Ал Татьяна ханым, өз кезегінде, Тенді жаттықтырудың өзі бір ғанибет екенін атап өткен. Ал Ягудин болса, қазақстандық спортшы тәжірибесі мол спортшылардың ақылдарына көп құлақ асатын деген ерекшелігін айтты.

«Тает лед» бағдарламасының арнайы шығарылымын 8 тамыз күні Астана уақыты бойынша 17:55-те «Матч ТВ» арнасынан тамашалай аласыздар.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

 

Талқылау