Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алдағы күндері қар жауып, күшті жел соғады

Синоптиктер 20-24 қараша аралығына арналған ауа-райы болжамын ұсынды.

Алдағы күндері қар жауып, күшті жел соғады

Қазақстанның солтүстік, батыс, шығыс, орталық облыстарында қалың қар жауып, күшті дауыл соғады. Жер беті көктайғақтанады. Батыс Сібірдегі белсенді циклон мен атмосфералық фронт әсерінен осындай күрделі метеорологиялық құбылыстар болады.

Қазгидрометтің мәліметінше, еліміздің оңтүстік, оңтүстік шығыс облысында жауын-шашын жаумайды. Оңтүстік циклон әсерінен жаңбыр мен құрғақ қар жауады. 24 қарашада  таулы аймақтарда қар жауып, тұман түседі. Көктайғақ болып батысқа қарай аздаған жел соғады.

Астанада 21 қараша күні күн алабұлттанып, қар жауады. 9-14 м/с жылдамдықта жел соғады. Түнде ауа температурасы -4…-6 °С, күндіз -1…-3 °С болады. 22 қарашада ауа температурасы -2…-4 °С, күндіз 0°С-қа жуық. Жұма күні, 23 қарашада, қар жауып,  жел соғады. Түнде -6…-8 °С, күндіз -3…-5 °С болады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау