Жауын жауады: Синоптиктер ауа райы болжамын жариялады
Синоптиктер 6-8 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Қысқы күшті антициклон Краснояр өңірінің оңтүстігіне ауысты. Оның батыс бөлігі Қазақстанның батыс өңірінен өзге облыстарына әсер етеді.
Антициклонға сәйкес, суық, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Сондықтан алдағы үш күнде республикамыздың басым бөлігінде ауа райында айтарлықтай өзгеріс болмайды.
Еліміздің батыс облысы бұл кезеңде Кавказдан келетін атмосфералық фронт әсерінде болады. Сондықтан бұл өңірде кей жерлерде жауын-шашынды болып, ауа райы аздап жылынады.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан