Алдағы күндері қай өңірлерде үсік жүреді
23-25 мамыр аралығында Қазақстанның оңтүстігінде қатты жаңбыр жауып, солтүстігінде үсік жүреді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

«Қазгидромет» болжамы бойынша, еліміздің батысына жылжыған антициклон жылдам өтіп кетіп, Ресейдің Еуропалық бөлігінен суық атмосфералық фронт келеді деп күтіледі. Осы суық фронттардың келуіне байланысты Қазақстанда алдағы күндері ауа-райы қолайсыз болады.
Елдің оңтүстік бөлігінде найзағай соғып, жауын жауады деп болжанады. Ал, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында ауа температурасы климаттық нормадан 2…6°С төмендеп, күшті жаңбыр жауады дейді. Сондай-ақ, Қазақстанның солтүстігі мен орталығында және шығысында алдағы түндері 3°С үсік жүреді деген болжам жасалды.
Баланы ерте жастан мектепке беру оның болашағына инвестиция ма, әлде балалықты ұрлау ма?
Психолог ең алдымен баланың физикалық дайындығын ескеру қажет екенін жеткізді
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады